Жаңалық
Ән әлдилеп әлемді… 
Балғын жас әншілерді сахнаға тәрбиелеп, балалар жанына қуаныш сыйлап жүрген, сонымен қатар көрермендер көзайымына айналған «Әнші болғым келеді» телевизиялық бағдарламасына міне, биыл 7 жыл толды. Осыған орай Республика сарайында балалар продюсері Алтын Маханбетованың ұйымдастыруымен «Мен бақытты баламын» атты авторлық кеш өтті. Концертті әнші, әрі әртіс ретінде халыққа танылып жүрген Айгүл Иманбаева мен Нұрлан Әлімжан жүргізді. Осы концертке қатысқан біз театрлық қойылым көріп отырғандай әсерде қалдық. Көрермендердің де көңілінен шығып, оң батасын алып жатты. Концерттен кейін осы кешті ұйымдастырушы продюсері, Алтын МАХАНБЕТОВАҒА жолығып бірнеше сауал қойған едік.
«Ұлытау» Германияға қоныс аударады 
Алматыда өз елімізде ғана емес, Батыс мемлекеттеріне де жақсы танымал «Ұлытау» тобы шығармашылық есеп береді. Белгілі топ келесі айдың басында Еуропаға қоныс аудармақ. Осы сапар алдында өнер ұжымы өз тыңдармандары алдында концерт қойып, ел-жұрттың ақ батасын алмақ. Оған қоса, соңғы уақытта атқарған жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып, төрт бірдей клиптің тұсауын кеспек. Сондай-ақ Қыдырәлі Болманов жылт еткен жаңалығы мен әрбір еңбегінің жемісін жұртшылыққа жеткізіп, халықпен екі ортада алтын көпірге айналып жүрген журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен арнайы құттықтап, көңілдерін көтеруді көздеп отыр. Кешке белді басылымдардың бас редакторлары мен қызметкерлері шақырылған.
Талғат Жорабаев: «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» дегенмен келіспеймін 
Белоруссияда өткен «Славян базары»,Румынияда болған «Костанешти», Молдавиядағы «Әлем әндері»,
Болгарияда өткен «Дисковарий» сияқты халықаралық
конкурстардың жүлдегері, Оңдасын Жұмағылұлының
«Қанталапай» фильімінде басты рөлді ойнаған талантты актер.
Талғат Жорабаевпен сұқбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
«Астана — ғашықтар мекені» фильмі жайлы бір үзік сыр 
Қазақ киноөнері адам жанының ең асыл сезімі, жас ғұмырдың жалынды әні болған махаббат сезімін діңгек еткен тағы бір киномен толықты. Махаббат болғанда да бояусыз, әсіресе екпін қоюсыз серт байласқандардың тар жол тайғақ кешулері.Бақыт пен былыққа толы өмірдің айнасы іспеттес болған кинотуындыны дүниеге алып келген көпшілікке танымал сценарист – режиссерлер Данияр Саламат пен Кенжебек Шайқақов. Ескі сүрлеуді одан әрі шиырлай бермей жаңа бағытқа қарай жол тартып жүрген Данияр Саламаттың бұған дейін «Әкем екеуміз» фильмін тамашалаған болатынбыз. Енді міне, араға жыл салып түсірген «Астана – ғашықтар мекені» фильмімен де қауыштық. Киноның басты мақсаты − өмірдегі бұлыңғыр сәттермен қатар, өмірдің қатал иірімдерін көрсету. Көрген білгендерін екшелеп, қауызынан айырып халыққа ұсына білген түсіруші топтың аянбай тер төккені көрініп-ақ тұр. Заманауи проблемалармен үндесіп жатқан бұл фильм туралы айтылар ойлар көп. Алайда киноның бүге-шігесіне дейін тәптіштеп, жіберген қателіктерін баяндаудан аулақпын. Ол – киноның өз мойнына тиелген жүк болсын.
Омыраудан үзілді түйме ғұмыр... 
Дүйсенбі күні таңғы жеті жарым шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданынан Алматыға қарай әнсапардан қайтып келе жатқан жас әнші Нәби Аймұратов жол апатынан қайтыс болды.Ұзынқұлақтың айтуынша, қайғылы оқиға жүргізушінің рульге ие бола алмау салдарынан орын алған. Сол сәтте Нәбимен бірге жүрген Еркін Нұржанов аударылған «Мерседес Бенц» көлігінің артқы салонында ұйықтап жатыпты. Нәби алдыңғы орында отырған екен. Ал руль Еркіннің бөлесінің басқаруында болған көрінеді. Оқыстан келген ажалдан бала күнінен халықаралық байқауларда жеңімпаз атанып, Францияны әнімен әлдилеп қайтқан Сыр өңірінің тумасы небәрі 23-ке қараған жасында жарық дүниемен қош айтысты. Бес қабырғасы сынған Еркін мен оның бөлесі Шиелі аудандық ауруханасының жан сақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.
Қолданушылар бұрышы
Қош келдіңіз,
Guest
| Ник: | |
| Құпия сөз: | |



