Ник:
Құпия сөз:

Назар аудар! КВН!

Бізден сауалнама

Лицензиялық күйтабақ сатып алып көрдіңіз бе?

Тек лицензиялы дисктерді тыңдаймын
Мендегі әндердің дені лицензиялы дисктерде
Бір екі лицензиялы дискі сатып алғанмын
Лицензиялық диск алып көрген емеспін
Мүлдем ән тыңдамаймын


Нәтижелері
Басқа сауалнамалар

Барлық дауыстар: 55
Пікірлер: 9

Жаңалық



«Ұлытау» Германияға қоныс аударады

Тіркеген: juldyzkz Тіркелген мерзімі: 25.06.2009 Оқылғаны: 30
title Алматыда өз елімізде ғана емес, Ба­тыс мемлекеттеріне де жақсы танымал «Ұлытау» тобы шығармашылық есеп береді. Белгілі топ келесі айдың ба­сын­да Еуропаға қоныс аудармақ. Осы са­пар алдында өнер ұжымы өз тыңдар­мандары алдында концерт қойып, ел-жұрттың ақ батасын алмақ. Оған қоса, соңғы уақытта атқарған жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып, төрт бірдей клиптің тұсауын кеспек. Сондай-ақ Қыдырәлі Болманов жылт еткен жаңа­лығы мен әрбір еңбегінің жемісін жұрт­шылыққа жеткізіп, халықпен екі орта­да алтын көпірге айналып жүрген жур­на­листер қауымын кәсіби мерекелері­мен арнайы құттықтап, көңілдерін көтеруді көздеп отыр. Кешке белді ба­сы­лымдардың бас редакторлары мен қызметкерлері шақырылған.

– «Ұлытау» тобына арнап екі клип және Қарақат екеуміздің орындауы­мыздағы әнге тағы екі клип түсірдік. Бұйыртса, 17 шілдеде «Ұлытаудың» дискі­сі 15 мың данамен Германияда жарық көрмек. Сонымен қатар ел тың­дар­мандары үшін «Жұмыр қылыш» аль­бомы қайта басылып шығарылады. Тағы бір айта кетерлігі, қазір Вашинг­тонның орталық радиосынан топтың орындауындағы күйлер жиі эфирге та­ра­лып жатыр. Оны Америкаға барған дәстүрлі әнші Эльмира Жаңабергенова және тағы басқа кісілер күніне бірнеше мәрте өз құлағымен естіп, бізге айтып келді. Канада, Түркия, Германия, Фран­ция, Ресей арналары клиптерімізді сұрап алды. Енді Еуропа елдерін аралап концерт қойып, сол жақта біраз уақыт жұмыс істемекпіз. Осындай қуаныш­тары­мызбен БАҚ өкілдері арқылы ха­лықпен бөліскіміз келеді, – дейді «Ұлы­тау» тобының продюсері, белгілі әнші Қыдырәлі Болманов.
Топтың өзге жаңалықтарына тоқ­тал­сақ, олар жол жүрер алдында төрт ай бойы неміс тілін үйреніпті. Осыған дейін музыканттарға ағылшын тілін меңгерткен білікті продюсер, енді неміс тілін қолға алуға ден қойыпты. Тіпті кон­церт соңынан олар қаншалықты меңгергенін көрсету үшін, неміс тілінде интервью бермек. Бұл өз кезегінде өзге елге барғанда, қыз-жігіттердің емін-ер­кін жүріп-тұруына, сондағы тұрғындар­мен, концертке келген қонақтармен тікелей қарым-қатынас жасауына үл­кен ықпал етпек. Алыстағы мемлекет­тен келген қазақ азаматтарының сол елдің тілінде сайрап тұруы топтың беде­лін одан сайын арттыра түспек.
Ал Алматыдағы концертке қайта оралсақ, сол күні әзірге есімі құпиялау жеткіншек «Ұлытау» тобымен Құрман­ғазының күйі «Адайды» ойнайды. 5-6 жа­сар бүлдіршін әннен шашу шаша­ды. КВН құрама командасы кеш тізгінін өз қолына алса, Қыдырәлінің Қара­қаты әнімен әлдилемек. Әнші ару композитор Бауыржан Өскінбаев пен айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваға өтініш жасап, жұбайының құрметіне арнап «Ризамын саған» атты ән жаз­дырыпты. Өнерлі жұп осы кеште Ермек Аманшаевтың өлеңіне жазылған Кеңес Дүйсекеевтің «Анажан» әнінің де тұ­сауын кеседі.
Ресми деректерге сүйенсек, халық­аралық рейтинг бойынша «Ұлытау» тобының дискісі ең көп сатылған диск­тердің қатарына кіреді. Бұл біздің елі­міз­дің тарихына алтын әріптермен жазылатын алғашқы жетістік. Сон­дық­тан бұған Үкімет тарапынан оң қабақ танытылып, қолдау көрсетілсе, нұр үстіне, нұр болмақ.

Айқын
Бұл туралы пікіріңізді білдіре отырыңыз!
Сіздің есіміңіз:
Пікір:
Графикалық код:
Графикалық код
Қайталау:


Қолданушылар бұрышы


Қош келдіңіз,
Guest

Тіркелу немесе кіруТіркелу немесе кіру
Құпия сөзді ұмыттың ба?Құпия сөзді ұмыттың ба?

Ник:
Құпия сөз:

Біздің әріптесіміз

Генерация: 0.053 сек. және 11 сұрау, мәліметтер қорына, сек 0.009 сек.