Ник:
Құпия сөз:

Назар аудар! КВН!

Бізден сауалнама

Орындаушылардың танымал болуына мыналардың қайсысы себепкер болады?

Орындаушының түр-әлпетінің сұлулығы
Орындаушылық шеберлігі
Жақсы жазылған және әрленген ән
Орындаушының ақшасының көптігі
Жақсы продюсер
Басқа себептері бар


Нәтижелері
Басқа сауалнамалар

Барлық дауыстар: 107
Пікірлер: 3

Жаңалық



«Астана — ғашықтар мекені» фильмі жайлы бір үзік сыр

Тіркеген: juldyzkz Тіркелген мерзімі: 24.06.2009 Оқылғаны: 61
title Қазақ киноөнері адам жанының ең асыл сезімі, жас ғұмырдың жалынды әні болған махаббат сезімін діңгек еткен тағы бір киномен толықты. Махаббат болғанда да бояусыз, әсіресе екпін қоюсыз серт байласқандардың тар жол тайғақ кешулері.
Бақыт пен былыққа толы өмірдің айнасы іспеттес болған кинотуындыны дүниеге алып келген көпшілікке танымал сценарист – режиссерлер Данияр Саламат пен Кенжебек Шайқақов. Ескі сүрлеуді одан әрі шиырлай бермей жаңа бағытқа қарай жол тартып жүрген Данияр Саламаттың бұған дейін «Әкем екеуміз» фильмін тамашалаған болатынбыз. Енді міне, араға жыл салып түсірген «Астана – ғашықтар мекені» фильмімен де қауыштық. Киноның басты мақсаты − өмірдегі бұлыңғыр сәттермен қатар, өмірдің қатал иірімдерін көрсету. Көрген білгендерін екшелеп, қауызынан айырып халыққа ұсына білген түсіруші топтың аянбай тер төккені көрініп-ақ тұр. Заманауи проблемалармен үндесіп жатқан бұл фильм туралы айтылар ойлар көп. Алайда киноның бүге-шігесіне дейін тәптіштеп, жіберген қателіктерін баяндаудан аулақпын. Ол – киноның өз мойнына тиелген жүк болсын.

Фильмнің негізгі драматургиялық құрылымы қарапайым. Жалпы драматургияда небәрі 33 түрлі ғана оқиғаның бар екенін ескерсек, қарапайым болатыны өзінен - өзі түсінікті. Тіршілік қызуымен буы аспанға шығып жатқан өмір жәрмеңкесін көрсететін бұл кино − мектеп бітіргендеріне бес жыл толып отырған достардың отырысынан бастау алады. Басты рөлдегі кейіпкерлердің бірі Барыс – бұл жиынға Мөлдір атты қызын ерте келеді. Аталмыш кездесуде Жасын атты сыныптасы Мөлдірмен танысады. Кейіннен Жасынға ғашық болып қалған Мөлдір оған сөз салады. Осы кезде Барыстың әкесі Барыс пен Жасынға өз қызметінің жарты бөлігін береді. Анасынан ерте айырылып тек әке қамқорлығымен еркіндікте тәрбиеленген Барыс материялдық жағынан еш мұқтаж емес. Сөйте тұра сау басына сақина тілеген ол нашақорлықпен айналысады. Ішінде мұң мен шер тоғысып, кедейліктің ащы дәмін татқан Жасын іске бел шешіп араласайын десе кедергі болатын нәрселердің шаш етектен екенін байқайды.
Міне осындай сарынмен өрбіген фильм қазіргі қазақ киноларының ішінде өзгешелеу бағытымен ерекшеленетін сияқты. Мейрамханада жалынышты көзбен Барыс пен Мөлдірге жапалақ қағып кезек-кезек қараған Жасынның сол бір сәті фильмнің шарықтау шегі болса керек. Себебі әлі жартысы түсіріле қоймаған кинодан кульминацияны анықтау қиындау. Айта кететін жайт, бұл кинодан оператор Борис Трощевтің озық үлгідегі жұмысын көруге болады. Ол бірде актерлерді понарамалық түрде түсірсе, енді бірде тек адамды ірі планмен алып киноның әсерлі шығуына өзіндік үлесін қосып тұр.
Мөлдір рөлін ойнаған әнші Аша Матайдың өзгеше бір пәк, таза тұнықтықпен жаудырай қараған сәті ешкімнің есінен кете қоймас. Бұл барлық өнерін бір арнаға тоғыстырып жүрген жас актрисаның алғашқы рөлі болса да, ақылына көркі сай қалалық қыздың образын керемет келтірген. Мөлдірдің ғашығы Жасын, яғни Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының мұғалімі Жалынбек Ақан − өмірдің қиын қыстау кезеңін көп өткерген, алқаш анасының қайғысымен күйзелген жанның бейнесін жақсы ашады. Ал фильмнің продюсері, әрі басты рөлдердің бірін ойнаған Мәлік Абдрманов – бойын билеген ұлы сезім үшін күйіп пісіп, лүпілдеген жүрегі тек Мөлдір деп соққан Барыс бейнесін көреремендерге жеткізе білді. Мәлік Абдрамановты бұрындары «Бауыржан шоу» театрындағы сатиралық персонаждарды сомдауына үйреніп қалған жұртшылық, мұндай салмақты рөлді жаңалық ретінде қабылдады. Режиссер Данияр Саламаттың сүйікті актерлерінің бірі Бақытжан Әлпейісов өз есімімен Барыстың әкесінің рөлін ойнады. Сөзсіз кәсібилік пен шүбәсіз экстра-санаттағы шеберлік иесі Бақытжан рөлі көрермен көңілінен шықпауы мүмкін емес шығар. Бұдан басқа қосымша эпизодтағы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының студент – актрисалары да бейіштің төріндегі хор қызындай болып, киноға керемет өң беріп тұрғандай.
Фильмнің басты ерекшелігі – оның шынайылығында. Шынайы өмірді бейнелейтін тұстарының бірі – Мөлдірдің Жасынға махаббат толқынын ақтара салған сәті тура қазіргі қыздардың қылығын бейнелеп тұрғандай. Шынайы махаббат пен қатқыл өмір қоса суреттелген бұл кинода қазіргі кездегі барлық оқиғалар қаз-қалпында баяндалатын болғандықтан көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде. Қысқасы осының бәрі – Данияр Саламат пен Кенжебек Шайқақов фильмінің мінсіз қиыстырылған композицияларынан туған ағыл – тегіл әсер. Сондықтан да мұндай туындының Қазақстан киноларының алтын қорына енетініне шүбә келтірмейміз.

Қазақстан Заман
algol
Пункттер: 1095Тіркелген мерзімі: 25.06.2009 Пікір: 1
algolкино керемет бырак мен!н тус!нбеген!м ана барыс т!р! калама алде олип калама
Тіркелген мерзімі: 07.06.2009 Жеке мәлімет


Сіздің есіміңіз:
Пікір:
Графикалық код:
Графикалық код
Қайталау:


Қолданушылар бұрышы


Қош келдіңіз,
Guest

Тіркелу немесе кіруТіркелу немесе кіру
Құпия сөзді ұмыттың ба?Құпия сөзді ұмыттың ба?

Ник:
Құпия сөз:

Біздің әріптесіміз

Генерация: 0.275 сек. және 13 сұрау, мәліметтер қорына, сек 0.166 сек.