Жаңалық
Сәкен Қалымов отбасын құрды
Әнсүйер қауымға «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнімен танылған әнші Сәкен Қалымов шаңырақ көтерді. Өткен жылы журналымызға «Қазақ қыздарының арасынан жар іздеп жүрмін» деп сұхбат берген әнші іздеген жарын Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Алатау ауылынан тауыпты. Есімі – Ақмарал.
Жұлдыздар өтірік айта ма?

Толқын ЗАБИРОВА, әнші
Өтірік айтады. Тек еш зиянсыз. Адам баласын өтірік айтып алдауды жаны сүймейді. Өтірігі үшін ұсталып қалудан өлердей қорқады.
Ерболат Құдайбергенов: Мен қазақпын!!!
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Айқын: "Мені танытқан Мегажоба"
«СуперСтарКЗ» мегажобасы арқылы, елге танылып, бүгінде жастардың сүйікті әншісіне айналған Айқын Төлепбергенді Қазақстан шоу-бизнесінен өзіндік орнын алып үлгірген талантты орындаушы деуге болады. Әсіресе, оның бір өзіне ғана тән тамылжыған тамаша дауысы тыңдарманын елітпей тұрмайды.- Айқын сахнаға келгеніңізге көп уақыт өтпесе де, тыңдарман ықыласына бөленіп үлгірдіңіз. Жалпы, сіз «жұлдыз ауруы» туралы көзқарасыңыз қандай? Құпия болмаса, сіз осы «аурумен» ауырасыз ба?
- Өз басым «жұлдыз ауруы» дегенге мүлдем қарсымын. Өйткені, нағыз талант қарапайым бола білуі керек. Ал өзім туралы ешнәрсе айта алмаймын. Ең дұрысы, мұндайды айналадағы жолдастарымнан сұрағаныңыз абзал
Мақсатты тонап кетті!
Әлемдік қаржылық дағдарыс елімізде жұмыссыздықтың артуына, қылмыстың көбеюіне өз әсерін тигізіп отыр. Қылмыскерлердің құрбанына енді шоу - бизнес өкілдері де айналған секілді. Жуырда «Мақсат & Мақсат» дуэтінің әншісі Мақсат ұрлықшыларға тоналып қалды. Мейрамханаға кіріп кеткен Мақсатты байқаған тонаушылар автокөлігінің терезесін сындырып, ішінен ноутбугін, құжаттарын, автомагнитоласын және өзге де құнды заттарын алып, іздерін суытқан.
Қолданушылар бұрышы
Қош келдіңіз,
Guest
| Ник: | |
| Құпия сөз: | |



