Жаңалық
Мақпал Қарақат пен Мәдинаны менсінбей кетіпті
Жақында Алматыда өткен концерттің бірінде жас әнші Мақпал Исабекова мен оның продюсері Эрик Тастамбеков сахна сыртында аяқ астынан шу шығарып, сол күнгі өтіп жатқан шараға қатыспай кетіп қалған көрінеді. Әңгімені әріден бастасақ, ұзынқұлақтың айтуынша, Мақпал Исабекова көпшілікпен бірге отырмайтынын жеткізіп, өзіне жеке гример бөлмесін сұрайды.Алайда ұйымдастырушылар мен Республика сарайының қызметкерлері мұндай мүмкіндік ешуақытта ешкімге жасалынбағанын айтып, халық әртістерінің өзі бір бөлмені бірнешеуі бірігіп пайдаланатынын түсіндірмек болады. Оның үстіне, әртістердің киім ауыстыратын орындары санаулы болғандықтан, кеш иелері Мақпалға Қарақат Әбілдина мен Мәдина Сәдуақасоваға көрші жайғасуды өтінеді. Алайда бұл ұсыныс бір-екі мәрте Ресей сахнасының дәмін татқан әнші мен оның продюсерінің көңілінен шықпайды. Сөйтіп, ілік іздеген екеу келісімге келмей, есікке қарай беттейді. Жүргізушілерге амал жоқ залдағы көрермендер алдында «Мақпал гастрольде жүруіне байланысты, бүгінгі кешімізге келе алмады» деп өтірік айтып, ақталуына тура келеді...
Жұлдыздар қалай киінеді?

Меруерт Түсіпбаева
Берік Исмайылов атты жеке модельері бар. Аяқ киімдерін арнайы Франциядан алдырады. Бір киген киімін сахнаға қайталап киіп шығуды қаламайды. Әріптестерінің киіну стиліне дән риза.
Рамазанның арманы
Танымал әнші Рамазан Стамғазиев ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынжан Шапайдың «Арман» әніне бейнеклип түсірді.
Семейлік бишілерге – ерекше құрмет
«Мұнарлан» Алматыға қоныс аударды
Шымкенттік «Мұнарлан» тобы талай байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Олар өнерлерін одан әрі шыңдай түсу үшін Алматы қаласына қоныс аударды.
Қолданушылар бұрышы
Қош келдіңіз,
Guest
| Ник: | |
| Құпия сөз: | |



