Жаңалық
Әншілердің Аяз Атаға "алдануы"
Нұржан ҚАЛЖАН, әнші:
– Бала кезімде мен Аяз атаға қатты сендім. Сенгенім соншалық атымды да өзгерте жаздағам. Аяз ата балдырғандар деп жиі айтатын болғандықтан, менің есімім Балдырған болса дейтінмін. Атымды өзгертемін деп анамның артынан бір апта жылап жүгіргенім бар. Сол ақ сақалды мейірімді атаның бар екендігіне 2-3 сыныпқа дейін сендім. Мектеп жасына жетпеген кездің өзінде-ақ аға-апаларымның мектепте өтетін жаңа жылдан қалмайтынмын. Сондағы мақсатым аяз атаны көріп, кәмпитін алу. Өзім кәмпитті көп алатынмын. Себебі қолымды көтеріп әнді көп айтатынмын.

Mysterions тобымен таныс болыңыздар
"Mysterions" - еліміздің эстрадасындағы поп-r&b бағытынағы жаңа жоба. Топтың атауы грек тілінен аударғанда "құпия" деген мағынаны білдіреді. Топ құрамындағы Арман, Ильяс және Дильен есімді жігіттер бұл атау жайында: "Тотың аты ойламаған жерден келді. Қытайда фотосессия жасатып едік. Бір сәтте суреттердің бірінде "Mysterions" деген жазуу пайда болды. Әр адамның өз құпиясы болады. Ал біз сол құпиямызды әнмен жеткізгіміз келеді",- дейді.
Berkut: Ақшаны дұрыс санау керек.
Әнші. Тележүргізуші. Көрікті жігіт. Бұл тізімді ары қарай ұзын-сонар жалғастыра беруге болады. Өйткені қазақ эстрадасына жаңашылдық әкелген Бүркіт мақтаудың барлығына лайық. Бүгін біз Бүркітті жаңа қырынан танытпақпыз. Иә, дәл таптыңыздар, айдарымыздың атына сәйкес, жеке кәсіпкер Бүркіт жайында оқитын боласыздар.
Табылды Досымов: Қыр баласы қол созады аспанға...
– Табылды аға, тыңдармандарыңызға тарту ететін қандай жаңалықтарыңыз бар?– Амандық болса, жаз ортасында Атырау қаласында жеке шығармашылық кешім өтеді. 1984 жылы алғаш жазған «Сағыныш» деген әнімнің туғанына биыл 25 жыл толыпты. Осыған байланысты туған жерімде жүзеге асатын концертке дайындалып жатырмын. Басқа дәл қазір ауыз толтырып айтарлықтай, алып бара жатқан ештеңе жоқ. Кәкір-шүкір...
Мақпалдың мерейі артты
Жас әнші Мақпал Исабекова Өткен аптаның аяғында Республика сарайында жеке концертін қойып, орыс тіліндегі «Улетаю» атты кезекті альбомының тұсауын кесті.Әуелі кеш алдында ресми таныстырылымы өткен Мақпалдың ән жинағына тоқталсақ. Әншінің продюсері Эрик Тастембеков осы альбомды шығару үшін ұзақ еңбектенгендерін айтады. Мақпал жарнамасын жасап жүрген SunSіlk сауда белгісі өз кезегінде демеушілік танытатындықтарын жеткізіп, әндердің ойдағыдай жазылып бітуіне мұрындық болыпты. Жаңа еңбек 10 туындыдан тұрады. Олардың арасында «Бесконечность», «Москва-Астана» сияқты осыған дейін халыққа жеткендері де, жаңадан орындалғандары да бар. Альбом Мәскеу студияларының бірінде жазылған.
Қолданушылар бұрышы
Қош келдіңіз,
Guest
| Ник: | |
| Құпия сөз: | |