Жаңалық
Саясат тілден басталады!

Әрбір өсіп келе жатқан елдің өзіндік музыкалық саясаты бар, бірақ бұл сұрақтың өзі кәсіби деңгейде ме? Мен ойлаймын, біздің музыкалық саясатымыз кәсіби деңгейде емес, біздің ойымызша қазақтың музыкалық мәдениеті болғаннан кейін біз міндетті түрде қобыз бен домбыраны қосуымыз қажет. Бірақ эстрада деген ұғым халықаралық музыканың түрі. Біздің ойымызша, қазақ эстрадасын шетелден келген музыка өңдеушілері /аранжировщиктері/ жасауы керек сияқты. Себебі олар білімді, сауатты мәскеуліктер, бірақ әннің сөзін қазақша жазу керек. Біз қазақ музыкасы деген кезде, жалпы музыка деген кезде... музыканы қазақша-орысша қылып бөлмеуіміз керек. Музыка интернационалдық болу керек. Әннің сөзіне де көп байланысты. Саясат тілден басталады.
Астанада «Көлеңке» деп аталатын жаңа фильмнің тұсаукесер көрсетілімі өтті

Толық метражды фильм криминалдық драма жанрында түсірілген. Онда Арқалық қаласынан Астанаға келіп, арзан жолмен ақша тапқысы келген 4 жігіттің өмірі суреттеледі. Фильм сценарийін осы жігіттердің бірін сомдаған журналист Еркеғали Бейсенов жазған.
Алтынай «декретке» шығады

Әншіні Қазақстанның Ресейдегі елшілігі аттай қалап, арнайы шақыртқан көрінеді. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін ұлықтауға байланысты өткен шараға Ресейдің таңдаулы әртістері де қатысыпты. Өнер иесі жиналғандар алдында «Елімнің жүрегі – Астана» әнін әуелете шырқаған.
Тағы бір айта кетерлігі, бұйыртса, алдағы айларда Алтынай аздаған шығармашылық үзіліс жарияламақ. Бұл жаңалық әнші арудың сахнадағы ізденістеріне байланысты емес. Керісінше, Аяулым, Айнара есімді екі қыздың анасы өмірге тағы да сәби әкелмек.
Эстрада әншілері аңқау елге арамза молда болып жүр.

Бұл күндері қазақта даусы дауыл тұрғызатын әнші жоқ деу ағаттық. Әйтсе де, құйқылжытып ән салса, даусы алты қырдан асатын Ақан, Біржанның бүгінгі ізбасарлары ән айтудың жаңа технологиясын меңгерген. Мыңдаған елдің алдына шығатын өнерліңіз заманауи жетістіктің арқасында таңды таңға асырып емес, ай бойы ән сала береді.
Қазақ ән әлемі тағыда бір топтың есімімен толықты
Шымкенттегі зағиптардан құралған «СӘТ» триосы күнен-күнге танылып, ел аузына ілігіп келеді. Тағдырдың тәлкегіне түсседе, әнді серік еткен жеткіншектер халықаралық, республикалық байқауларда топ жарып та үлгерген. Алайда, өнерлі балалар атқамінерлердің назарынан тыс қалуда.
Әнді билеп айтуға үйреніп жатқан Азат, Сапарбай мен Тұрардың талаптары таудай. Оларға ең алғаш сенім артқан адам, топтың музыкалық жетекшісі балаларға бар білгенін ымдап түсіндіруде. Шымкент қаласындағы үміт мектеп-интернатының шәкірттері аз ғана уақыт ішінде елге танылып үлгерді. Оларды алдымен аянышпен қарсы алатын жұрт, кейін көздеріне жас алып, баталарын береді екен.
Әнді билеп айтуға үйреніп жатқан Азат, Сапарбай мен Тұрардың талаптары таудай. Оларға ең алғаш сенім артқан адам, топтың музыкалық жетекшісі балаларға бар білгенін ымдап түсіндіруде. Шымкент қаласындағы үміт мектеп-интернатының шәкірттері аз ғана уақыт ішінде елге танылып үлгерді. Оларды алдымен аянышпен қарсы алатын жұрт, кейін көздеріне жас алып, баталарын береді екен.
Қолданушылар бұрышы

Қош келдіңіз,
Guest
Ник: | |
Құпия сөз: | |