Жаңалық
Дағдарысқа дауа таппай жатқандарға жағымды жаңалық!
КТК телеарнасы өз көрермендерін 4-ші сәуірде сағат 22.00-де “Мәссаған” атты, қалақай қалжың, әжуа-әзіл, мыңшұңқыр мысқылдың мерекелік шоуын тамашалауға шақырады. Сатира сарбаздары – “Шаншар” мен “Астана KZ”, “Күлкі керуені” мен “Аграрка Сарбаздары”, Лидия Кәденова мен Қарағандының қыздары, “Шымкент шоу” мен “Алматы құрамасы” һәм өзге серкелер юмормен сүзісіп, еңсесі түскенді езу жиғызбай емдейді. Көріңіздер, күлкіге кенеліңіздер!
Нұрлан Еспанов: Мен – қымбат композиторлардың бірім
– Нұрлан, сізді соңғы кездері эфирден жиі көретін болдық. Әншілігіңізге қарағанда, жүргізушілік қабілетіңіз басым түсіп бара жатқан сияқты...– Негізі, мен – әншімін. Композиторлығым содан кейінгі орында. Бірақ шынында, кейінгі уақытта ел мені тележүргізуші деп танитын болды. «Жұлдызбен жүздесу» бағдарламасы арқылы көзге түсе бастағаным рас. Дегенмен жүрегім ән деп соғады. Арыс қаласындағы музыкалық мектептің домбыра сыныбын бітіріп, жастайымнан әнге құштар болып өстім. Әу баста Алматыға Сейфуллин Жолбарыстың шақыртуымен өнерімді насихаттайын деп келген едім. Сондықтан әрдайым «мен журналист немесе тележүргізуші емеспін» деп ашығын айтып отырамын. Бір қызығы, басқа телеарналардан «бізге келсеңізші, хабар жүргізіңіз» деген ұсыныс түсіп жатыр. Оларға да «кешіріңіздер, мен ең әуелі әншімін» деп жауап қайтарамын.
«Каспий» тобы құрылды
Жақында белгілі әнші Ұлықпан Жолдасовтың жетекшілігімен «Каспий» тобы құрылды. Топ құрамында осыған дейін «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінде өнер көрсеткен Мұрат Қожа, «Әнші балапан» балалар байқауынан танымал Ақылбек Жеменей, сондай-ақ жас таланттар Ерсұлтан Қалдәулетов, Дидар Оңалбаев және Ұлықпан Жолдасовтың өзі бар. Бұл топтың басқалардан ерекшелігі, бес жігіт те гитарада ойнайды. Әзірге бес гитарамен өнер көрсетіп жүрген әншілер, алдағы уақытта домбыраны қатар алып жүруді көздеп отыр. Мұрат Қожа мен Ақылбек Жеменей бөлек ән жазып, жеке шығармашылықтарымен де айналыса береді. «Каспий» атауына тоқталсақ, Ұлықпан Жолдасов «Су бар жерде, тіршілік бар. Оның үстіне осыған дейін «Алатау» триосы, «Хан тәңірі» деген топтар болған. Әрине, еліміздегі асқақ тау мен алып шыңның құрметіне қойылғаны белгілі. Сондықтан біз де дүниежүзіне танымал Каспий теңізінің атын иемденуді дұрыс деп таптық. Біздің топтың осы телегей теңіз секілді аты шықса, жаман болмас еді» дейді.
Қолданушылар бұрышы
Қош келдіңіз,
Guest
| Ник: | |
| Құпия сөз: | |



