Жаңалық
«До-Мажор» тобы
Дарабоз
Еліміздегі тұңғыш реалити-шоудың жеңімпазы Нұрхан Шарханұлы 1986 жылдың 15 ақпанында Қызылорда қаласында дүниеге келген. 9 сыныптан кейін Алматы қаласындағы Орал Таңсықбаев атындағы көркемсурет колледжіне оқуға түседі. Бүгінде Т. Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының дизайн факультетінің 4-курс студенті. Болашақ мамандығы – интерьер дизайнері. Үйдің кенжесі. Бойдақ.
Қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы кім және тұңғыш кәсіби скрипкашы кім?
Қазақ скрипка өнерінің бүгінгі өкілдерінің бірі, қазір «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас директоры Дүйсен Қасейінов бұл сұраққа былай жауап берді: «Бізге музыкадан дәріс берген профессор Коган қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы деп Жаяу Мұсаны айтатын. «Ақ сиса» сынды әннің авторы, белгілі сазгер кезінде жәрмеңкелерде, сондай-ақ ауыл аралап жүріп сырнай мен скрипка тартады екен».
Алайда ең бірінші арнайы музыкалық білім алған кәсіби скрипкашы әрі Қазақстандағы скрипка мектебінің негізін қалаған тұлға – Әйткеш Толғанбаев.
Мәдинаны маймылдар тонады
Көктемнің жылы лебін сағынған Мәдина Сәдуақасова жол сөмкесін жинап, Қытай еліндегі Хайнань аралдарына барып демалып қайтты. Әдетте құрбыларымен, сіңлерімен бірге жолға шығатын Мәдина Қытайға әкесімен бірге барғанды жөн санапты. «Күнделікті тірлікпен туған-туыстарыма, әсіресе, ата-анама көп көңіл бөле алмай жүрген болатынмын. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін демалысқа әкемді шақырдым. Екеуіміз Қытай мәдениетіне тәнті болып қайттық»,- дейді әнші сапардан алған әсерімен бөлісе отырып.
«Қарақат» фанклубы ашылды
Жақында белгілі әнші Қарақат Әбілдина «Қарақат» деп аталатын фанклуб ашты. Аталмыш фанклуб бүгінде өз жұмысын бастап та кетті. Осы орайда өз өнерін ортаға салып, өзгелермен тәжірибе алмасқысы келетін жастарға клуб есігі қашанда айқара ашық екендігін айтқымыз келеді.Қарақаттың өнерін бағалайтын, фанклубқа мүше боламын деушілердің төмендегі байланыс телефондарына хабарласуларына болады.
Қолданушылар бұрышы
Қош келдіңіз,
Guest
| Ник: | |
| Құпия сөз: | |



