Жаңалық
Досымжан ТАҢАТАРОВ: Достығымыз «темір тұлпармен» өлшенбейді 
[b]- Досымжан, сахнада өте биязы, момын адам сияқты әсер қалдырасыз. Өмірде де сондай сүйкімдісіз бе?- (күліп…) Мен табиғатымнан жасандылықты жек көремін. Өмірде қандай болсам, сахнада да сондаймын. Айтатын әніңе қарай кейде көңілді, кейде мұңды образға енуге тура келіп жатады. Бірақ, оның бәрі менің табиғи мінезіммен үйлесімін табатын сияқты. Әнді шынайы болмысыңмен, жан-тәніңмен айту керек. Ән жүректен шықпаса, жүректерге қалай жетпек?!
- Саят Медеуов екеуіңіз дос көрінесіз. Ол сізге өзінің «темір тұлпарын» да сыйға тартыпты деп естідік. Осы рас па?
- Иә, Саят екеуміз өнерде де, өмірде де әзіліміз жарасқан жақын доспыз. Өнер адамдары туралы мұндай әңгімелердің өрбуін заңдылық деп түсінемін. Саятпен арамызда жүретін жаңа өзің айтқан «алыс-берістерді» үлкен жомарттық деуге болады. Бірақ оның бәрі жариялы түрде айтылатын дүние емес. Біздің достығымыз «темір тұлпармен» өлшенбейді.
Еркін НҰРЖАНОВ: Қаржы болмаса, халыққа танылу да қиынға түседі 
– Сен «Жігіттер» квартетінен кеткеннен кейін аз уақыт ішінде жеке орындаушы ретінде танылып үлгердің. Шығармашылығыңда қазір қандай жаңалықтар бар?–Шығармашылығымды жаңа әндермен толықтыру үстіндемін. Жуырда ғана гастрольдік сапармен еліміздің барлық облыстарын аралап, концерт беріп қайттым. Бұйыртса, күзге қарай Алматыда жеке концертімді өткізбекшімін. Тыңдармандарымның алдында есеп беретін уақыт жеткен сияқты.
– «Ұлыма» деп ән салып жүрген сері жігіттің шаңырақ көтеріп, осы әнді өз ұлына шырқайтын жоспары жоқ па?
– (күліп…) Жоқ.
– Неліктен?
– Болашақ жарым болатын қызды әлі кездестірген жоқпын.
Мадинаны енді алаяқтар алдап соқты 
Сайтымызда Мәдинаның Қытайға барғандағы сапарында маймылдарға тоналғанын жазған едік. Енді... М.Сәдуақасоваға Ақтөбеден хабарласқан «продюсерлер», «концертті өздері ұйымдастыратынын айтқан, тек Мәдина белгіленген күні ұшып келсе болғаны. Не керек, таныс-жаран бар естиді; Ақтөбенің көрікті жерлеріне Мәдинаның концерті өтетіні жайлы афишалар ілінеді, жергілікті телерадио алдағы концерт жайлы күніне сан рет жарнама берген. Тіпті көшелердегі жолаушы автобустары да концерт жарнамасын жамылып ап жүрсе керек. Алайда жолға шығар күн таяғанда Мәдина әлгі «продюсерлерден» айырылып қалады. Ұялы телефондары жауап бермейді, басқалай хабарласудың ешбір жолы жоқ. Продюсердің де, ұйымдастырушы-менеджердің де үні өшкен. Мәдина тіпті концерт белгіленген күні де Ақтөбеден телефон қоңырауын күтумен болды. Кім білген, «ұшатын кілеммен» алып кетер деп ойлаған болар...
Тахмина Әшімбекова: Сахнаны сағынып жүрмін 
«Өшпес тарих», «Гүл сезім», «Туған күн кешінде», «Сол шақтар-ай», «Әдемі-ау» әндерін әдемі орындайтын әнші, халықаралық байқаулардың жүлдегері Тахмина Әшімбекованың сахнадан көрінбей кеткеніне біраз уақыт болды. Бірақ өнер иесінің бұл үнсіздігі тектен-тек емес. Қарағандылық жігітке тұрмысқа шыққан ару бүгінгі таңда Әлихан есімді алтын асықтай ұлдың бесігін тербетіп отыр. Біз өнер иесін аз-кем әңгімеге тартып, шығармашылық жаңалықтарын сұраған едік...– Көпшілік соңғы уақытта «Сіз қайда жүрсіз?» деп жиі сұрайтын болды. «Қыз мұраты-кету», яғни отбасын құру, өмірге ұрпақ әкеліп, ана атану, бала тәрбиесімен айналысу болғандықтан, дәл қазіргі сәтте мен осы міндетті атқарып жатырмын. Кішкентайым бұйыртса, бес айға толады. Сондықтан әлі де біраз уақыт баламның жанында отыратын ойым бар.
Отбасы… өнерден киелі!
Шамшынахар Кенжеева - 1985 жылдың 21 наурызында, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласындағы Шеңгелді ауылында дүниеге келген. Отбасында жеті ағайынды. Ағасы Бақтияр – «Алматы» тобының белді әншісі. «Мен – үйдің кенжесімін. Аға-апаларымның барлығы өмірде өз орнын тауып, отбасын құрған. Әке-шешем – зейнеткер. Анам – мұғалім, әкем – электрик болып жұмыс істеген», - дейді бізге Шамшынахар.
Қолданушылар бұрышы
Қош келдіңіз,
Guest
| Ник: | |
| Құпия сөз: | |



