Жаңалық
Дағдарыс Мақпалға қиын тигені ме?
Тағы да Мақпал назарымызға ілікті. Бұл жолы үлкені - Мақпал Жүнісова. Осы мамыр айында Алматы мен Астана қалаларында дүрілдетіп жеке концертін берген әншіміздің жеке басында, шығармашылығында не жаңалықтар бар екен деп www.makpal.kz сайтына кіргенбіз...Аузымыз талмай айтып жүрген дағдарыс Мақпал апайға да шынымен қиындау тисе керек "Мақпал Жүнісованың сайты ақысы төленбегендіктен ажыратылған" деген хабарлама шығарып тұр. Әлде, әншінің пиарымен айналысатын адамдардың болмағаны ма?
Гауһар Әлімбекова: Кеш жаңалығы – жаңа туындыларым
22 мамыр күні Республика сарайында әнші-сазгер Гауһар Әлімбекованың «Анаға сағыныш» атты шығармашылық кеші өтеді.Айта кетерлігі, Гауһар соңғы жеті-сегіз жылда әндері жұртшылық тарапынан жоғары бағаға ие болып жүрген, туындылары басқа ешкімнің қолтаңбасын қайталамайтын талантты сазгер.
Эльмира Нұрлыбайқызы деген кім?
Жас әнші Эльмира Нұрлыбайқызы 1984 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Қаратау совхозында дүниеге келген. Кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, халықтың жүрегіне орын табуды мақсат еткен әнші қыздың өнер жолы Тараз қаласынан бастау алған. Құрманғазы атындағы Тараз музыкалық мектебінің гитара сыныбында білім алып, Әулие Ата университетінің «экономикадағы ақпараттық жүйелер» факультетін тәмамдаған.
«Нұр-Ай» тобымен таныс болыңыздар!
Қазақ эстрадасына тағы бір жаңа топ келіп қосылды. Құрылғандарына небары алты айдай уақыт болған ақтөбелік «Нұр-Ай» тобы серілерінің аты-жөндері – Ақниет Жаманов, Жалғас Байзулаев және Қайнар Бақтыгереев. Топ продюсері – «Ақтөбе» радиосының дикторы Жанаргүл Досова. Алматы қаласында «Қинамашы» атты әндеріне бейнебаян түсіріп үлгерген жігіттер көп ұзамай Алматы көрермендеріне де өнерлерін паш етпек.
«Дабыл» дуэтімен таныс болыңыздар!
Топ әншілері – Аян Жаймағанбетов және Ералы Момышев. Астаналық топ 2004 жылы құрылған. Жігіттердің айтуынша, «Дабыл» деген сөз – қазақтың ұрмалы көне аспабының атауы.
Қолданушылар бұрышы
Қош келдіңіз,
Guest
| Ник: | |
| Құпия сөз: | |



