Жаңалық
Еркін НҰРЖАНОВ: Қаржы болмаса, халыққа танылу да қиынға түседі

–Шығармашылығымды жаңа әндермен толықтыру үстіндемін. Жуырда ғана гастрольдік сапармен еліміздің барлық облыстарын аралап, концерт беріп қайттым. Бұйыртса, күзге қарай Алматыда жеке концертімді өткізбекшімін. Тыңдармандарымның алдында есеп беретін уақыт жеткен сияқты.
– «Ұлыма» деп ән салып жүрген сері жігіттің шаңырақ көтеріп, осы әнді өз ұлына шырқайтын жоспары жоқ па?
– (күліп…) Жоқ.
– Неліктен?
– Болашақ жарым болатын қызды әлі кездестірген жоқпын.
– Өзіңді түсінетін бойжеткен әлі жолықпағаны ма?
– Шын махаббат көзсіз, тілсіз келеді дейді ғой. Алла қалаған уақытта кездестірермін деген үміттемін.
– Арулардың бойынан қандай қасиеттерді ерекше бағалайсың?
– Имандылықты. Жүрегінде иманы бар қыздан жаманшылық келмейді деп ойлаймын.
– Ғаламтор беттерін қарап тұрасың ба?
– Қолым тигенде, екі-үш айда бір қараймын. Үнемі кіруге уақыт табыла бермейді.
– Ғаламтордан сенің қызу әңгіме жүріп жатқан жеке блогыңды көзіміз шалып қалды. «Өзіндік әлемің» бар ма?
– Жоқ, ондай ештеңе ашқан емеспін. Бірақ біреулер менің атымнан «әлем» ашып, үнемі жұртпен Еркін Нұржанов болып сөйлесіп жүреді екен. Жақында таныстарым айтқаннан кейін арнайы кіріп қарап едім, таң-тамаша қалдым. Олардың қайсысының аузына қақпақ боламын?! Өздерінің ұяттары білсін!
– Еркін Нұржанов ғаламтордан жеке фан-клуб ашқалы жатыр деп естідік. Осы жаңалықтың анық-қанығын өзіңнен білсек?..
– Әзірге ондай жоспарым жоқ. Әрине, фан-клуб деген табынушыларыңмен қарым-қатынас жасау үшін керек дүние ғой. Бірақ қазақстандық шоу-бизнес үшін әлі ерте деп есептеймін. Біздің деңгейіміз оған әлі жете қоймағанын мойындау қажет.
– Өзің туралы жазылған мақала, комментарийлерді іздеп жүріп оқисың ба?
– Әрине. Өзім туралы жарияланған дүниелерді әрқашан назарда ұстауға тырысамын. Комментарийлерге көңіл бөлмеймін.
– Шоу-бизнесте бәрін ақша шешеді деген пікірмен келісесің бе?
– Әрине, ақшаның шешетін жерлері көп. Әйтсе де, бәрі ақшаға тіреледі дегенге келіспеймін. Дарынды адам қай жерден болсын жарып шығады ғой.
– Дегенмен, ақшаның ықпалы бар екенін мойындайсың ғой…
– Әбден. Қалтаңда қаржы болмаса, халыққа танылу да қиынға түседі.
– Ең қымбат әніңді қаншаға сатып алдың?
–Осы уақытқа дейін орындаған әндерімнің ішіндегі ең қымбаты мың жарым доллар тұрады. Одан қымбат ән сатып алған емеспін. Жалпы, қымбат әннің бәрі керемет деп ойлауға болмайды. Сол сияқты жақсы әнді нашар орындаушы аша алмауы да мүмкін.
– Саған мың жарым долларға ән сатқан композитордың есімін білсек?
– Ол жағын айтпай-ақ қояйыншы. Шығармашылық жолындағы әріптестерімді ыңғайсыз жағдайда қалдырғаным дұрыс болмас.
– Әншілік сенің материалдық жағдайыңа қалай ықпал етуде?
– Шоу-бизнесте аянбай күндіз-түні еңбек етсең, өз жағдайыңды жасауыңа болады. Аллаға шүкір, табысым өмір сүруіме жетеді.
– Көркем әдебиетке қалай қарай-сың? Соңғы рет қандай кітап оқыдың?
– Қолым босағанда кітап оқуға тырысамын. Пойызда, ұшақта қолымнан кітап түспейді десем де болады. Әдебиетті жаным сүйеді, әсіресе, поэзияны. Жақында Бақытжан Алдиярдың жыр жинағын оқып бітірдім.
– Әншіліктен басқа қандай өнерің бар?
– Ақындық өнерім бар. Репертуарымдағы «Қызғанамын», «Ақерке», «Жігіттерде» жүргенде орындаған «Бақытты бол» әндерінің мәтіні өзімдікі. Тоқтар Серіков, Ұлықпан Жолдасов сияқты ағаларымыз ақын, композитор ретінде де белгілі ғой. Ән жазбасам да, өлең жазу келеді қолымнан.
– Әншілерге тойдан түскен табыс-қа салық салу мәселесіне қалай қарайсың?
– Өнерімен күн көріп жүрген әншілердің азын-аулақ табысына ортақтасуды мүлдем дұрыс емес деп есептеймін.
– Дағдарыс тойдағы «ставкаңа» әсер етті ме?
– Дағдарыс қалталы адамдарға қатты әсер етеді. Дағдарыстан зардап шегетіндей, бізде аста-төк қаржы да жоқ қой. Өмірім дағдарысқа дейін қалай болса, қазір де бұрынғысынша жалғасып жатыр.
– Сенің тойдағы «ставкаң» қанша?
– Қазақстанның кез келген жеріндегі тойға барғаным үшін 2000 доллар аламын.
– Әндеріңнің көпшілігі бір сарынды сияқты. Алдағы уақытта стиліңе өзгеріс енгізгің келмей ме?
– Менің әндерімнің көбі лирикалық сипатта болғанмен, кейіннен орындап жүрген көңілді әндерім де бар. Тағы да ән жазу үстіндемін. Жаңа әндерімді алдағы күндері шығатын ән-жинағымнан тыңдай аласыздар.
Сахнадағы стилімді өзгертемін деп айта алмаймын, ол қолымнан келмейді де. Мен өмірде қандай болсам, сахнада да сол табиғи қалпыммен көрініп жүрмін. Стилімді өзгерту үшін, өзім де өзгеруім керек қой…
– Болашақтағы жоспарларыңмен бөлісе отырсаң?
–Болашақтағы жоспарларым әзірге құпия бола тұрсын. Алматыда өтетін кештің барысында біраз тың дүниелерді тыңдарман назарына ұсынатын боламын. Жоспарымды қазір жариялап қойсам, онда ол тосын сый болудан қалады ғой.
– Әңгімеңе рахмет. Шығармашылығың өрлей берсін!
– Сіздерге де рахмет!
Әңгімелескен НұрАстана

![]() |
![]() |
![]() |
||||||||||
|
||||||||||||
![]() |
![]() |
![]() |

![]() |
![]() |
![]() |
||||||||||
|
||||||||||||
![]() |
![]() |
![]() |

![]() |
![]() |
![]() |
||||||||||
|
||||||||||||
![]() |
![]() |
![]() |

![]() |
![]() |
![]() |
||||||||||
|
||||||||||||
![]() |
![]() |
![]() |

![]() |
![]() |
![]() |
||||||||||
|
||||||||||||
![]() |
![]() |
![]() |
Қолданушылар бұрышы

Қош келдіңіз,
Guest
Ник: | |
Құпия сөз: | |