Ник:
Құпия сөз:

Назар аудар! КВН!

Бізден сауалнама

Лицензиялық күйтабақ сатып алып көрдіңіз бе?

Тек лицензиялы дисктерді тыңдаймын
Мендегі әндердің дені лицензиялы дисктерде
Бір екі лицензиялы дискі сатып алғанмын
Лицензиялық диск алып көрген емеспін
Мүлдем ән тыңдамаймын


Нәтижелері
Басқа сауалнамалар

Барлық дауыстар: 55
Пікірлер: 9

Жаңалық



Отбасы… өнерден киелі!

Тіркеген: Gani04 Тіркелген мерзімі: 17.06.2009 Оқылғаны: 112
title Шамшынахар Кенжеева - 1985 жылдың 21 наурызында, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласындағы Шеңгелді ауылында дүниеге келген. Отбасында жеті ағайынды. Ағасы Бақтияр – «Алматы» тобының белді әншісі. «Мен – үйдің кенжесімін. Аға-апаларымның барлығы өмірде өз орнын тауып, отбасын құрған. Әке-шешем – зейнеткер. Анам – мұғалім, әкем – электрик болып жұмыс істеген», - дейді бізге Шамшынахар.

Алғашында «Сүнекеш» тобымен танылған Шамшынахар – қазір де жеке ән шырқап жүр. Өйткені,топтағы сыңары Айнұр Өтеғұлова тұрмыс құрып, әзірге үйде отыруды қалапты. Осылайша, бес жылдық тарихы бар талантты топ тарап кетті. Десек те, әнші продюсері Жанатбек Бәйтековпен қызу жұмыс үстінде екенін айтады. Жас әншінің сөзіне қарағанда, бұрын топта шырқалған әндерді қайта өңдеп, көрермендерге жаңа қырынан ұсынбақ ниетте.
Жас әншінің сахналық киімдеріне келер болсақ, өнер иесінің арнайы жеке стилисті жоқ екен. Өзінің қиялына қарай киінгенді жөн көретінін айтады.
Сонымен қатар, Шамоня (достары оны осылай атайды – автор) көрермендерге жас әнші Қайрат Нұртастың «Сағынсам қалай шыдаймын» атты бейнеклипі арқылы жақсы таныс. Ол аталмыш бейнеклипте басты кейіп­керді сомдайды.
Жеке өмірі жайында Шамшынахар:
– Бұйырғаны болар. Әрине, бұл өмірде ең бастысы – отбасын құру екенін жақ­­сы білемін. Ол – өнерден де артық нәрсе ғой. Бірақ әзірге ойда жоқ. Мен қалауымдағы ер азаматты әлі жолықтырған жоқпын. Көңілімнен шығып, болашақ жар атануға лайықты жігітті кездестірмеппін, - дейді.
Жас әншінің шығармашылық жоспарлары да жетіп артылады. Мәселен, репертуарындағы «Махаббат нұры» әніне жақында бейнеклип түсірмек ойда жүр.

Қала мен дала
Guest
Тіркелген мерзімі: 21.06.2009 Пікір: 2
GuestКобейе берсе не болады...
КТК телеарнасындагы Кызык радиосы деген багдарламага келип КОНАК КАДЕГЕ агылшынша ан айтып кеткен жок па? Одан баска адам агылшынша сойлеу билмейди ме екен алде казакша ан айтуга намыстанды ма деген ойда калдым.. НЕГЕ?
Тіркелген мерзімі: Мәлімет жоқ Жеке мәлімет
juldyzkz
Пункттер: 4448Тіркелген мерзімі: 20.06.2009 Пікір: 1
juldyzkzҚазақта осындай керемет сұлу қыздар көбейе берсін
Әнді сүйсең менше сүй...
Тіркелген мерзімі: 03.04.2009 Жеке мәлімет


Сіздің есіміңіз:
Пікір:
Графикалық код:
Графикалық код
Қайталау:


Қолданушылар бұрышы


Қош келдіңіз,
Guest

Тіркелу немесе кіруТіркелу немесе кіру
Құпия сөзді ұмыттың ба?Құпия сөзді ұмыттың ба?

Ник:
Құпия сөз:

Біздің әріптесіміз

Генерация: 0.181 сек. және 13 сұрау, мәліметтер қорына, сек 0.114 сек.