
Сайтымызда Мәдинаның Қытайға барғандағы сапарында маймылдарға тоналғанын жазған едік. Енді... М.Сәдуақасоваға Ақтөбеден хабарласқан «продюсерлер», «концертті өздері ұйымдастыратынын айтқан, тек Мәдина белгіленген күні ұшып келсе болғаны. Не керек, таныс-жаран бар естиді; Ақтөбенің көрікті жерлеріне Мәдинаның концерті өтетіні жайлы афишалар ілінеді, жергілікті телерадио алдағы концерт жайлы күніне сан рет жарнама берген. Тіпті көшелердегі жолаушы автобустары да концерт жарнамасын жамылып ап жүрсе керек. Алайда жолға шығар күн таяғанда Мәдина әлгі «продюсерлерден» айырылып қалады. Ұялы телефондары жауап бермейді, басқалай хабарласудың ешбір жолы жоқ. Продюсердің де, ұйымдастырушы-менеджердің де үні өшкен. Мәдина тіпті концерт белгіленген күні де Ақтөбеден телефон қоңырауын күтумен болды. Кім білген, «ұшатын кілеммен» алып кетер деп ойлаған болар...
Сөйтсе, жарнамасын жақсылап жасаған «продюсерлер» билеттен түскен қаржыны қалталарына басып тайып тұрған. Ал ақтөбеліктер «Мәдина бізді алдап соқты, енді оны желкеміздің шұқыры ғана көрсін» деп жүр. Нақақтан күйген әнші әлгілермен жасасқан екіжақты келісім-шарт болмағандықтан, өзінің де алаяқтардың құрбаны болғанын дәлелдей алмай отыр.
Осы оқиғалардан кейін, өнер адамдары өздерін заңды тұрғыда қорғайтын одақ құрсақ деген ойға келді. Жақында атақтысы-атақсызы бірігіп, «кімнің продюсер, кімнің алаяқ екенін қалай танимыз?» деген жиын өткізбек.
Ал Аландар мен Абайлар жұлдыздар арасындағы кезекті жемтігін үптеп кетудің сценарийін ойластырып жатқан болар. Абай болыңыз, алаяқ, жүр! Өткенде де ескерткенбіз, сан соғып, сабаланып қалмаңыз.
Жас Қазақ