
Тағы да Мақпал назарымызға ілікті. Бұл жолы үлкені - Мақпал Жүнісова. Осы мамыр айында Алматы мен Астана қалаларында дүрілдетіп жеке концертін берген әншіміздің жеке басында, шығармашылығында не жаңалықтар бар екен деп www.makpal.kz сайтына кіргенбіз...
Аузымыз талмай айтып жүрген дағдарыс Мақпал апайға да шынымен қиындау тисе керек "Мақпал Жүнісованың сайты ақысы төленбегендіктен ажыратылған" деген хабарлама шығарып тұр. Әлде, әншінің пиарымен айналысатын адамдардың болмағаны ма?
Осы сайт арқылы, қазақ әншілеріне сайтымыздан орын беріп, әрқайсысына қалауы бойынша жеке сайт ашып беруге дайын екендігімізді хабарлағымыз келеді. Сонымен қатар, жоспарланып отырған концерттерін жарнамалауға, жаңалықтарға шығарып тұруға да көмектесеміз.
Ең бастысы бұлардың бәрі ТЕГІН жасалады.
Қазақ өнерінің дамуы үшін, аянбай тер төгуге дайынбыз. Ұсыныстар juldyzkz@inbox.kz электронды хат қоржынында қабылданады