Жаңалық
Эльмира Нұрлыбайқызы деген кім?
Тіркеген: juldyzkz
Тіркелген мерзімі: 21.05.2009
Оқылғаны: 64
Жас әнші Эльмира Нұрлыбайқызы 1984 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Қаратау совхозында дүниеге келген. Кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, халықтың жүрегіне орын табуды мақсат еткен әнші қыздың өнер жолы Тараз қаласынан бастау алған. Құрманғазы атындағы Тараз музыкалық мектебінің гитара сыныбында білім алып, Әулие Ата университетінің «экономикадағы ақпараттық жүйелер» факультетін тәмамдаған.
Жас өнер иесі бүгінде Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында аға оқытушы болып қызмет етеді. Музыкалық білімін арттыру мақсатында музыка мамандарының қосымша сабақтарына қатысып жүр екен. «Әнші балапан», «Жас толқын» сияқты республикалық байқауларда лауреат атанған Эльмира Республика сарайында өткен Тұманбай Молдағалиевтың шығармашылық кешінде Ержан Белғозиевтың «Үміт – арман» әнімен үлкен сахнаға алғашқы қадамын басты. Әзірге репертуарында «Бақ», «Әкеме», «Бақытым», «Анажан», «Баян дәурен», «Ақ сезім» сияқты оншақты әні бар арманшыл қыз жақында «Анажан» әніне бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр.
Бұл туралы пікіріңізді білдіре отырыңыз!