14.06.2009 - Әншілердің Аяз Атаға "алдануы"Нұржан ҚАЛЖАН, әнші:
– Бала кезімде мен Аяз атаға қатты сендім. Сенгенім соншалық атымды да өзгерте жаздағам. Аяз ата балдырғандар деп жиі айтатын болғандықтан, менің есімім Балдырған болса дейтінмін. Атымды өзгертемін деп анамның артынан бір апта жылап жүгіргенім бар. Сол ақ сақалды мейірімді атаның бар екендігіне 2-3 сыныпқа дейін сендім. Мектеп жасына жетпеген кездің өзінде-ақ аға-апаларымның мектепте өтетін жаңа жылдан қалмайтынмын. Сондағы мақсатым аяз атаны көріп, кәмпитін алу. Өзім кәмпитті көп алатынмын. Себебі қолымды көтеріп әнді көп айтатынмын.
Гүлмира АҚҮРПЕКОВА, әнші:
– Бірінші сыныпта аяз ата бар деп ойладым. Төртінші сыныптан бастап сенген жоқпын. Бірінші сыныпта оқып жүргенде аяз атаны кәдімгідей күтетінмін. Аяз атаны өзімнің мұғалімім екенін біліп қойдым. Даусынан таныдым. Біраз ренжігенім бар. Неге бұлай, аяз атаның өзі қайда? Таудан келуші еді ғой деп ойлайтынмын. Содан кейін аяз ата жоқ екенін түсіндім. Кішкентай кезіңде аяз ата бар деп айтады ғой, кішкене жаман болып қалдым.
Алтынбек, әнші:
– Аяз атаның бар екендігіне бертінге дейін сеніп жүргенмін. Сыйлыққа алғым келетін заттарды аяз атаға арнаған хатқа жазып қоятынмын.
Мен үйдің тұңғышы болғандықтан ата-анам мен үшін барлығын істейтін. Қалағанымды алып беретін. Ал, оны маған аяз ата алып келіп берді деп ойлайтынмын. Есімде қалғаны бір рет өзімнің бойыммен бірдей машина сұрағаным бар. Жаңа жылдық кеште ол сыйлық шынымен де менде болды. Кейін білгенім ол сыйлықты аяз ата емес, маған арнап ағам сатып алған екен. Аяз атаның жоқ екендігін қашан білдім дегенге келетін болсақ, жаңа жылдық кештің бірінде аяз ата тіпті ер адам емес, өзімнің апайым екенін байқап қалдым. Балаларды қанша алдаса да, аяз атаның әйел адамның жіңішке дауысымен сөйлеп тұруы бірден білінді. Қатты ренжідік.
Роман МАЙҒАЗИЕВ, До-Мажор тобының әншісі:
– Мен аяз атаның бар екендігіне 3-4 жасқа дейін ғана сендім. Шынымды айтсам сонда да қатты сендім деп айта алмаймын. Бірақ, неге екенін күтетінмін. Маған аяз ата шет елден келетіндей болып көрінетін. Сайтта жарияланған: http://juldyz.kz Тікелей сілтеме: http://juldyz.kz/index.php?name=news&op=view&id=35
|