Жаңалық
Berkut: Ақшаны дұрыс санау керек.

Бүркіт, өзіңізді жеке кәсіпкермін деп есептейсіз бе?
Жеке кәсіпкермін десем де болады. Бірақ қосымша жұмысым деген дұрыс болар.
Демек, қосымша табыстың көзі ғой?
Иә, қосымша табыс көзі. Негізгі табыс қайткенмен де шоу бизнес.
Ендеше, кәсіпкер Бүркіттің мейрамханасы бар...
Иә. Кішігірім мейрамханам және автокөлік жуатын орным бар.
Онда сіз тек қана өз мейрамханаңызда тамақтанып, көлігіңізді де өзіңізде жуатын шығарсыз?
Жұмыс болғаннан кейін қадағалап, істің басы-қасында жүру керек. Ал көлігімді міндетті түрде сол жерде жуамын.
Өнер адамдары негізінен өнерге жақын бизнес ашуға тырысатын еді. Сіздікі мүлдем бөлек екен...
Ол жағын да қарастырып, жақында «Отан фильм» деп аталатын киностудия аштым. Алла жазса, келесі жылдан бастап кино түсіруді қолға аламыз.
Сіз үшін табыстың формуласы қандай?
Ең бастысы, ақшаны дұрыс санау керек. Ақшаны сыйласаң, ақша сені құрметтейді.
Демек, «ақша санағанды жақсы көреді» дегенге сенесіз ғой?
Мынадай мысал келтірейін. 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында көшеде өзбектер газды сусын сатып отыратын. Бағасы – 3 тиын. Сол кезде «3 тиыннан қандай пайда көріп жатыр екен?» деп ойлайтынбыз. Ал түбегейлі қарасақ, ол нағыз ақшаның көзі екен. Өйткені үлкен ақша сол тиыннан құралады екен. Сондай тиынға жұмыс істеп отырған өзбектер жақсы пайда тапқан. Мәселен, байларды тиын санайды деп сөгіп жатамыз. Керісінше, олардың бұл ісін құптау керек. Егер ақшам бар деп, оны ары да, бері де шашатын болсаң, қадірін кетіресің. Мен үшін табыстың формуласы осы.
Сіз үшін бүгінгі «ең қомақты» және «ең аз» ақшаның сомасы қандай?
Ақша ешқашан ешкімге жеткен емес. Қанша ақша алып жатса да, адам оны азсынады. Мәселен, бүгін 100 доллар бар, ертең 200 доллар жоқ. Ертең кеше болмаған 200 доллар бар да, 300 доллар жоқ. Адам әрдайым үлкен соманы қажетсінеді.
Өзіңізді баймын деп есептейсіз бе?
Баймын деп есептемеймін. Романтика жағынан, сөзсіз баймын. Өйткені менде Аллаға шүкір, қажет дүниенің бәрі бар.
Бір сұқбатыңызда «ай сайынғы табысымның 0,2 пайызын қайырымдылыққа арнаймын» деген болатынсыз...
Қайырымдылық жасаудың да түрлері бар. Мәселен, қайырымдылық қорынан хабарласып, ән орындап беріңізші деп сұрағанда, уақыт тауып баруға тырысамын. Барып ән орындап берсем, оны да қайырымдылық деп есептеймін. Өйткені ол да - жұмыс. Бірақ, бір өкініштісі, көп жағдайда бұл жақсылығың ұмыт болып жатады. Адамдар жағдайы сәл жақсарса, өткенді ұмытып, мұрнын шүйіреді. Көшеде қайыр тілегендерге де иіліп ақша тастауды дұрыс санаймын. Көлікте отырғанда терезеңнің сыртынан алақан жайып келгенде, ол қандай адам болса да, мейлі мас болсын, көше кезіп жүрсін, қайыр-садақа беру керек. Өйткені ол сенен ақшаны тектен текке сұрап тұрған жоқ. Оның бұл әрекеті – шарасыздық. Ал сенің айып тағып: «Мен саған ақша берсем, сен барып ішесің ғой» деуің дұрыс емес. Бұл ақшаны қалай пайдаланса да - өз еркі. Ол саған қол жайып келіп тұрғанда қолыңдағы барды берген жөн. Өйткені сенің қолыңда барың - бір Алланың арқасында келген дүние.
Әдетте адамдар өз есімін асқақтатуға, танытуға жаны құмар болады. Қарап отырсам, жеке кәсіпкерлігіңіздегі бірде-бір мекемеңіз сіздің есіміңізбен емес.
Киностудия ашқан кезде «Кинокомпания Беркут фильмс» деп атауға болатын еді. Бірақ оның қажеті жоқ деп шештім. Одан да «Отан фильм» бола берсін. Көп адамға бұл пікірімді айтып едім, олар мені қолдады.
Stars

![]() |
![]() |
![]() |
||||||||||
|
||||||||||||
![]() |
![]() |
![]() |

![]() |
![]() |
![]() |
||||||||||
|
||||||||||||
![]() |
![]() |
![]() |

![]() |
![]() |
![]() |
||||||||||
|
||||||||||||
![]() |
![]() |
![]() |

![]() |
![]() |
![]() |
||||||||||
|
||||||||||||
![]() |
![]() |
![]() |
Қолданушылар бұрышы

Қош келдіңіз,
Guest
Ник: | |
Құпия сөз: | |
Жаңалықтар
Әншілердің Аяз Атаға "алдануы" |
Mysterions тобымен таныс болыңыздар |
Berkut: Ақшаны дұрыс санау керек. |
Табылды Досымов: Қыр баласы қол созады аспанға... |
Мақпалдың мерейі артты |
Дағдарыс Мақпалға қиын тигені ме? |
Гауһар Әлімбекова: Кеш жаңалығы – жаңа туындыларым |
Эльмира Нұрлыбайқызы деген кім? |
«Нұр-Ай» тобымен таныс болыңыздар! |
«Дабыл» дуэтімен таныс болыңыздар! |