Ник:
Құпия сөз:

Бізден сауалнама

Әзіл-сықақ театрларының қайсысына көбірек көңіліңіз толады?

Тамаша
Бауыржан-шоу
Шаншар
Күлкі керуені
Екі езу
Аққу-гәкку
Терісқақпай
Ара
Осыларды да театр деп...
Басқа, жауабымды пікірім арқылы білдіремін


Нәтижелері
Басқа сауалнамалар

Барлық дауыстар: 227
Пікірлер: 17

Сайт-санақ

Жаңалық



Табылды Досымов: Қыр баласы қол созады аспанға...

Тіркеген: juldyzkz Тіркелген мерзімі: 09.06.2009 Оқылғаны: 74
title – Табылды аға, тыңдарман­да­рыңызға тарту ететін қандай жаңа­лықтарыңыз бар?
– Амандық болса, жаз орта­сында Атырау қаласында жеке шығармашылық кешім өтеді. 1984 жылы алғаш жазған «Сағыныш» деген әнімнің туғанына биыл 25 жыл толыпты. Осыған байланысты туған жерімде жүзеге асатын кон­цертке дайындалып жатырмын. Басқа дәл қазір ауыз толтырып айтарлықтай, алып бара жатқан ештеңе жоқ. Кәкір-шүкір...

– Бұл нағыз қуанышты хабар ғой...
– Астанадағы өнерім жанашыр ағаларымның қалауымен қолға алы­нып жатқан дүние. Кешімді «Қыр баласы қол созады аспанға» деп атадым. Республиканың әр түкпірінен, Астана, Алматы қала­ла­рындағы менің шығармашылы­ғыма тілектес, қамқор, әнімді тү­сі­не­тін зиялы қауым өкілдерін құр­метті қонақ ретінде шақырмақ­пын. Олардың ешқайсысы өнер адамдары емес. Керісінше қадір­менді меймандар алдында батыс өңірінің талантты жастары, доста­рым, жас серілер бұрын ешкім естімеген, эфирге шықпаған жаңа ән­де­рімді орындайды. Кеш шымылдығын облыстық филармонияның «Нарын» фольклорлық халық ұлт ас­паптар оркестрі екі әніммен аша­ды. Өзім сахнаға екі мәрте шы­ғып, алты ән айтамын. Бір кез­дері «Банды Аманғали» ту­ралы «Адас­қан асау» дейтін поэма жазғанмын. Осы туындының не­гізінде поэтикалық спектакль қойы­лады. Сондай-ақ «Кезіктім саған» деген тақырыптағы махаб­бат туралы өлеңдерімнің желісінде Атырау облыстық Махамбет Өте­міс­ұлы атындағы драма театрдың әртістері лирикалық көрініс әзірлемек.

– Осы мерейтойға орай, екі жыл бұрын жергілікті азаматтар сіз жайлы кітап шығаруға кірісіп жатқан сияқты еді...
– Ол сөз күйінде қалды. Өзім қосымша шаруаларға жүгіруге үлгере алмаймын. Авторлық ке­шім облыс өткізетін мәдени шара­лардың жоспарында тұр. Қаржысы ойдағыдай шешілсе, әлі де кон­церттің сценарийін дамытып, көр­кемдеп, тағы да біраз қонақтарды шақырып, мазмұнын бай етіп өткі­зу ойымда бар.

– Демек, республикалық дең­гейді қамтымақсыз ғой...
– Аймақтық дегеніміз дұрыс болар. Облыстық деңгейде көңіл­дегідей өтсе де жаман болмас...
– Үш-төрт жыл бұрын Алматы жұртшылығымен жүздессем деген жоспарыңыз болған еді. Бұйыртса, биыл сәті түсіп қалатын шығар...
– Оны менің шығармашы­лы­ғыма жаны ашитын, қолында би­лігі, мүмкіндігі бар, өнерсүйер азаматтар ойланар... Жалпы, шығармашылықпен айналысып, оны насихаттау екінің бірінің қолы­нан келе бермейді. Мен ән шығарғанды білемін, ал оны тара­туға, жер-жерде концерт ұйымдастыруға құлықсызбын.

– Өнер ордасына көшсем деген ниетіңізді қашан іске асырасыз?
– Оған ешкім ешқандай жәрдем берген жоқ. Иманғали да бұрылып қарамады. Оның құлағына жетті ме, жетпеді ме, білмедім. Бүйте берсе, бес-алты жылдан кейін тіпті ойланатын шығармыз.

– Не жайында?
– Ауылда жатып-ақ ән шығара беруге болатыны туралы... Бірақ адам бойындағы талап пен талант­ты ұзақ жылдар қанаттандырмаса, ол өшетінін де ұмытпау керек.

– Қазір қандай қызмет жасай­сыз?

– Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығымын. Қол боста шығарма­шылықпен айналысамын. Құдай бұйыртса, авторлық кешімде ли­ри­калық, эстрадалық бағыттағы әндерімді Асанәлі Көшеров, Есен­бай Құлиев, Жаскелең Айсаға­лиев, Асылан Мұхтарұлы, Абыл Табылұлы орындап шығады. Был­тыр Ақтөбеде Қанат-Света Айт­баевтардың студиясынан «Табыл­дың әні» деген ән жинағым жарық көрген. Қазақстанның батыс об­лыс­тарына тарады. Біраз бөлігін концертіме келетін қонақтарға сақтап отырмын. Осы альбомды қайта бастырып, таралымын ке­ңейтсем деймін.

– Білген-түйгеніңізді жастарға үйретіп жүрсіз бе?
– Талантты адамның шәкірт тәрбиелеуі міндетті емес. Жастар­дың әнін тыңдап-ақ, қанағат­тану­ға болады. Менің әнімді айтқысы келгендер болған, бірақ үйлестіре алмады. Қазір өзімнің ұлым Абыл талпынып жүр. Менімен бірге сахнаға шыққысы келеді. Өзі күйсандықта ойнайды. Болашақта әндерімді әрлеумен айналыспақ.

– Бардтық стильде ән салып жүрген жастар назарыңызға ілікті ме?
– Өзімнен басқа ешкімді көр­медім. Біреудің өнерін айнытпай қайталау міндет емес. Ондай жағ­дайда өнер шектеліп қалады. Мә­селен, гитарашылардың барлы­ғы Қорабай Есеновке еліктеп өстік қой. Бірақ Нұрлан Өнербаев та, Ержан Белғозиев та, мен де басқа жолмен кеттік. Сол сияқты еліктеу арқылы әркім өз бағытын табуға болады.

– Отбасыңыз аман, ата-анаңыз бақуатты болар...
– Шүкіршілік, «Айқынмен» бұдан бұрын кездескендей... Сау-саламаттамыз.
Үлкен қызым Орал қаласында арнау­лы ағылшын колледжінде оқып жатыр.

Айқын
maryash87
Пункттер: 382Тіркелген мерзімі: 13.06.2009 Пікір: 3
maryash87Шығармашылық табыс тілеймін!!!!!!!!!!
555
2.33
Тіркелген мерзімі: 04.05.2009 Жеке мәлімет
Guest
Тіркелген мерзімі: 12.06.2009 Пікір: 2
GuestТабыл тума талант қой, шығармашылығына табыс тілеймін.
Тіркелген мерзімі: Мәлімет жоқ Жеке мәлімет
akgul
Пункттер: 175Тіркелген мерзімі: 10.06.2009 Пікір: 1
akgulТабыл ага шыгармашылык табыстар тілеймін, биік МУЗАРТ-тарды багындыра бергейсіз!!!
0
Тіркелген мерзімі: 03.06.2009 Жеке мәлімет


Сіздің есіміңіз:
Пікір:
Графикалық код:
Графикалық код
Қайталау: