Меруерт Түсіпбаева
Берік Исмайылов атты жеке модельері бар. Аяқ киімдерін арнайы Франциядан алдырады. Бір киген киімін сахнаға қайталап киіп шығуды қаламайды. Әріптестерінің киіну стиліне дән риза.
Құрмаш Мақанов
Бұрын сахналық киімдерін тіктіріп киетін. Қазір сатып алады. Денеге қонымды, заманауи талапқа сай, өзіне ұнайтын киімдерді базардан, дүкеннен болсын ала береді. Бүгінгі жас әншілердің кейбіреуінің киіну стиліне көңілі толмайды.
Айгүл Иманбаева
Сахналық киімдерін тіктіреді. Үлгісін танымал дизайнер Құралай Нұрқаділованың ұсынысымен жасатады. Ерлан атты жеке тігіншісі бар. Өнердегі әріптестерінің киіну стиліне қанағаттанбайды.
Алтын Орда