Семейдің мамандандырылған балет мектебінің тәрбиеленушілері Финляндияның астанасы Хельсинкиде өткен «Жер шарының жастығы» Халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді және бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.Осы мәртебелі додаға жолдаманы Семейдің жас балетшілері Санкт-Петерборда іріктеу турынан өткеннен кейін жеңіп алды. Онда жерлестіріміз «Қыранның қалықтауы» деген композицияны ұсынды. Қазіргі заманғы биді Шығыстың халық билерімен ұштастыра білген семейлік жас бишілерге Хельсинкидің мәртебелі төрешілері орнынан тұрып қошемет көрсетті.
Япырай!