Ник:
Құпия сөз:

Бізден сауалнама

Т.Серік: "Мен үшін Мақпал Исабекова деген әнші жоқ"

Дұрыс айтады, осыны мен де айта алмай жүр едім
Ауыз Тоқтардыкы, сөйлей берсін!
Есі дұрыс па, ол біздің супержұлдызымыз емес пе?
Бұлар кімдер? Әңгіме не туралы? Түсінбедім


Нәтижелері
Басқа сауалнамалар

Барлық дауыстар: 178
Пікірлер: 27

Сайт-санақ

Жаңалық



Саясат тілден басталады!

Тіркеген: Admik Тіркелген мерзімі: 15.05.2009 Оқылғаны: 67
title Қазақстанның өзіндік музыкалық саясаты бар ма?
Әрбір өсіп келе жатқан елдің өзіндік музыкалық саясаты бар, бірақ бұл сұрақтың өзі кәсіби деңгейде ме? Мен ойлаймын, біздің музыкалық саясатымыз кәсіби деңгейде емес, біздің ойымызша қазақтың музыкалық мәдениеті болғаннан кейін біз міндетті түрде қобыз бен домбыраны қосуымыз қажет. Бірақ эстрада деген ұғым халықаралық музыканың түрі. Біздің ойымызша, қазақ эстрадасын шетелден келген музыка өңдеушілері /аранжировщиктері/ жасауы керек сияқты. Себебі олар білімді, сауатты мәскеуліктер, бірақ әннің сөзін қазақша жазу керек. Біз қазақ музыкасы деген кезде, жалпы музыка деген кезде... музыканы қазақша-орысша қылып бөлмеуіміз керек. Музыка интернационалдық болу керек. Әннің сөзіне де көп байланысты. Саясат тілден басталады.

Сөзге жақсы әуен тауып жазу керек. Сол кезде ғана біз өлеңнің сөзі мен әуенін қазақша нақышына келтіре аламыз. Халықаралық деңгейдегі музыка әлемінен орын алу үшін бізге осындай музыкалық саясат керек. Әндерді жасайтын адамдардың кәсіби деңгейі жоғары болуы шарт: композитор, ақын, музыканы өңдеуші, әнші – барлығы да. Әзірше біздің музыкалық саясатымыз өте төмен.

Қазақстандық телерадиокомпаниялардың қазақстандық орындаушыларға деген ықыласы қанағаттандырарлық па?
Жоқ! Неге мен олай кесіп айтамын? Соңғы жылдары қазаққа өте ыңғайсыз 50/50 деген жоба пайда болды. Оны шығарып жатқан адамның өзі сол кезде жақсы саясаткер болмағандығын білдіреді, өйткені бұл жобаның арты қазақша әндердің, қазақ тіліндегі хабарлардың түнгі уақытта ғана көрсетілуіне әкеп соқты. Осы заңды шығарар алдында олар көп ойлануы керек еді. Сондықтан да ақпарат, медиа саласында жұмыс істейтін азаматтарға көп нәрсе байланысты.

Теледидар мен радиода музыкалық цензура керек пе?
Мен біреудің тағдырын шеше алмаймын. Қазақстан 1 ұлттық телеарнасы мен казақ радиосында басшылардың ауысуына байланысты білімі бар сарапшылар жұмысқа келетінін күтеміз. Көркемдік кеңес құрылуы керек. Оның құрамында композитор, ақын, жазушы, басқа да көптеген маман иелері болуы тиіс. Әйтпесе, біздер көшедегі айтылған әндерді алдық та, теле және радио эфирге «тығып» жібердік. Бұны естіп өскен жас буын өкілдері «музыка деген осы екен ғой» деп тәрбиеленіп келеді. Нәтижесінде музыкалық сауаты жоқ адамдар өлең шығара бастады. Біз тыңдап жүрген әндердің көбісі осындай музыкалық білімі жоқ адамдардың шығармашылығы. Шыны керек, қазіргі эстрадада болып жатқан нәрселер сұмдық. Шынайы жұмыс істеп жатқан бір-екі әнші ғана бар. Қалғандарының нәтижесі білімсіздігінен, кәсіптік шеберлігінің төмендігінен сапасыз.

Музыкантқа продюсер немесе арт-менеджер керек пе?
Менің ойымша,керек, бірақ ол продюсердің де кәсіби білімі жоғары, музыка жағынан да хабардар болуы тиіс. Сауатты болуы керек. Екіншіден, продюсер білімді менеджер, экономика заңдарын білетін адам болғаны жөн. Тағы да айта кететін нәрсе, ол адам бай, пысық болуы керек, сонда ғана ол алға қойған жобаларын іске асыра алады.

Жеңіс Сейдоллаұлы
“Гулдер“ ансамблінің директоры
әнші, композитор
Aseke
Пункттер: 704Тіркелген мерзімі: 21.05.2009 Пікір: 3
Asekeталантсыз!!!
0
Тіркелген мерзімі: 16.05.2009 Жеке мәлімет
Admik
Пункттер: 634Тіркелген мерзімі: 16.05.2009 Пікір: 2
AdmikТүсініксіз шатып бұтыпты. Өнер айналасынан өзіндік ойы жоқ, білімсіздерді қуу керек. Немесе, тек қабілеті жететін істермен айналыстыру керек. Мынау, Жеңіс композитор. Тек ән жазғызу керек...
5
Тіркелген мерзімі: 05.05.2009 Жеке мәлімет
juldyzkz
Пункттер: 3286Тіркелген мерзімі: 15.05.2009 Пікір: 1
juldyzkzМынауың түк те сұқбат бере алмайды ғой
Әнді сүйсең менше сүй...
4.33
Тіркелген мерзімі: 03.04.2009 Жеке мәлімет


Сіздің есіміңіз:
Пікір:
Графикалық код:
Графикалық код
Қайталау: