| Бәрі| | А| | Ә| | Б| | В| | Г| | Ғ| | Д| | Е| | Ж| | З| | И| | Й| | К| | Қ| | Л| | М| | Н| | О| | Ө| | П| | Р| | С| | Т| | У| | Ү| | Ұ| | Ф| | Х| | Ш| | Ы| | І| | Ю| | Я |
Ән-жинақ
Жарығым-ай
Түсірулер саны: 130
Әннің көлемі: 4.25 MB
Жалт етеді бір үміт тайып беріп,
Жалынамын жанымды жайып көріп.
Қаным сыймай барады арнасына
Қосылғандай Ілеге Жайық келіп.
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қанғаным-ай.
Деуші еді ғой, "Жалғыздың жары - Құдай",
Неге таси береді қаным удай?
Жарығым-ай.
Қосылғанда екі өзен, тасығанда,
Тал қармаймын, жағаға асылам да.
Шыңыраудан шыға алмай, шыдам кетіп,
Тағдырыма шынымен бас ұрам ба?
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қанғаным-ай.
Деуші еді ғой, "Жалғыздың жары - Құдай",
Неге таси береді қаным удай?
Жарығым-ай.
Қорқып тұрам орнымнан, қорқып жатып,
Толқын кетіп барады толқындатып.
Бәрі келіп тоғысып жүрегімнің
Жағалауын тебеді солқылдатып.
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қанғаным-ай.
Деуші еді ғой, "Жалғыздың жары - Құдай",
Неге таси береді қаным удай?
Жарығым-ай.
Жалынамын жанымды жайып көріп.
Қаным сыймай барады арнасына
Қосылғандай Ілеге Жайық келіп.
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қанғаным-ай.
Деуші еді ғой, "Жалғыздың жары - Құдай",
Неге таси береді қаным удай?
Жарығым-ай.
Қосылғанда екі өзен, тасығанда,
Тал қармаймын, жағаға асылам да.
Шыңыраудан шыға алмай, шыдам кетіп,
Тағдырыма шынымен бас ұрам ба?
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қанғаным-ай.
Деуші еді ғой, "Жалғыздың жары - Құдай",
Неге таси береді қаным удай?
Жарығым-ай.
Қорқып тұрам орнымнан, қорқып жатып,
Толқын кетіп барады толқындатып.
Бәрі келіп тоғысып жүрегімнің
Жағалауын тебеді солқылдатып.
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қанғаным-ай.
Деуші еді ғой, "Жалғыздың жары - Құдай",
Неге таси береді қаным удай?
Жарығым-ай.
|
||||||||||||
|
||||||||||||
|
||||||||||||
|
||||||||||||
Қолданушылар бұрышы
Қош келдіңіз,
Guest
| Ник: | |
| Құпия сөз: | |
Жаңалықтар
| Гауһар Әлімбекова: Кеш жаңалығы – жаңа туындыларым |
| Эльмира Нұрлыбайқызы деген кім? |
| «Нұр-Ай» тобымен таныс болыңыздар! |
| «Дабыл» дуэтімен таныс болыңыздар! |
| Мақпал Қарақат пен Мәдинаны менсінбей кетіпті |
| Жұлдыздар қалай киінеді? |
| Рамазанның арманы |
| Семейлік бишілерге – ерекше құрмет |
| «Мұнарлан» Алматыға қоныс аударды |
| Саясат тілден басталады! |
