Жақында ғана шыққан Әли Оқаповтың бейнебаянына Ақбота-Нұр түскен еді. Бейнебаянды көрген жұрт екеуінен жарасымды жұп шығуы әбден мүмкін екенін айтқан еді. «Если честно» бағдарламасының тілшісі Әлиден жақын қарым-қатынасы туралы сұрағанда, Ақботамен жақын қарым-қатынаста болғанын мойындады.

“Иә жақын қарым-қатынас болды. Екеуміз бірнеше ай кездесіп жүрдік. Ол кезде Ақбота шоу-бизнеске енді келген еді. Ол небәрі бірнеше ай сахнада болды, екеуміз гастрөлде танысқанбыз”, – деген Әли бұдан кейін Ақботамен айырылысып кетуінің себебін түсіндірді.

“Мүмкін жас айырмашылық әсер еткен шығар. Ол тым жас еді. Сондықтан екеуміз бір-бірімізге сай келмейміз деп ойладым. Мұны бірінші рет мойындап отырмын”, – деді ол.

Сондай-ақ, Әли анасының бұл жағдайға қалай қарағанын түсіндірді.

“Анам ол туралы білмейді деп ойлаймын. Бірақ негізі оған достары айтып қоюы да мүмкін. Десе де анам менің жеке өміріме ешқашан араласқан емес. Ол үнемі маған “бақытты болсаң болғаны” деп айтады”, – дейді Әли.

 

Пікір қосу