Жарнама беру

«Жұлдыздар отбасы» журналы – танымал тұлғалардың тағдырынан, өнерінен, өмірінен сыр шертетін нөмері бірінші ғұмырбаяндық басылым. Осы арқылы қазақ жастарын танымал тұлғалардан үлгі-өнеге алып, жеке дара тұлға болып өсуге баулитын республикалық жастар журналы. Журнал айына екі рет 47 805 дана таралыммен Қазақстанның барлық аймақтарына таралады. Журнал 2007 жылдан бері жарық көріп келеді.

«Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ» журналы – еліміз бен түркі дүниесінің, қала берді, бүкіл адамзат әлемінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлғалардың аласапыран тағдыры, заманалар көшінде алатын орны, өмірбаяны мен қызметі туралы жан-жақты жазатын Ұлы адамдар туралы ұлағатты журнал. Журнал 30 000 дана таралыммен Қазақстанның барлық аймақтарына таралады. Журналдың бір саны тек бір тұлғаға ғана арналады. Журнал 2010 жылдан бері жарық көріп келеді.