Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақ үйге барып, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы достық, саяси-экономикалық қарым-қатынастар жайлы сөз қозғалды.

АҚШ президенті Д.Трамп елбасымызды өз елінде көргеніне қуанышты екенін айтты.

Кездесуде Солтүстік Кореядағы ядролық қару мәселесі жайлы да талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әлемдегі төртінші болып ядролық қарудан бас тартқан мемлекеттердің бірі болғандықтан, өз таңдаған шешімін ұсынуға моральдық тұрғыдан құқығы бар екенін айта кетті.

Сонымен қатар, кездесу кезінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, 7,5 миллиард доллардан асатын қаржыға  екі ел арасында 20 келісімшарт жасалды.

Елбасымыз Америка Құрама Штаттарының азаматтарына Қазақстанға «визасыз режим» жасағанын және АҚШ президентінен де қазақстандықтар үшін осындай шешім күтетіндігін айтты.

Пікір қосу