Жақын уақытта телеарналардан көрсетілетін «Қазақ аруы» сериалының саундтрегін «Алау» тобы орындады,  — деп juldyz.kz порталы brod.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Фильмнің саундтрегі «Бір тамшы жас» композициясын «Алау» тобы шырқайды. Әннің сөзін ақын Ринат Зайытов жазған.

Көпсериялы «Қазақ аруы» фильмінде басты рөлді Гүлзада Тұрлаш сомдайды. Бұдан өзге Тәуекел Мүсілім, Кәмшат Жолдыбаева және т.б. белгілі әншілер де бар.

Фильмнің продюсері — Баян Есентаева. Қоюшы режиссері — Ернар Нұрғалиев пен операторы — Шерхан Таңсықбаев.

Продюсердің айтуынща, қазақстандықтар алдағы күндері фильмді «Хабар» арнасынан тамашалайтын болады.

Пікір қосу