22 шілде күні, ЕХРО 2017 Халықаралық көрмесіне орай, Астанада дәстүрлі «Сағындырға әндер-ай» атты ән кеші өтеді. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Кеш Астана концерт залында (сағат 15.00 және 19.00-де) өтеді.  Авторы – әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Майра Ильясова.

Кеш қонақтары – Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов, Нағима Есқалиева, Нұржамал Үсенбаева, Нұрлан Өнербаев, Қарақат Әбілдина, Жазира-Жанболат, Заттыбек Көпбосынұлы, «Кешью» және «Алау» топтары қатысады.

Пікір қосу