Журналист Жанболат Мамай апеляциялық шағым бермейтін болды. Бұл туралы juldyz.kz сайтының тілшісі хабарлайды.

Бүгін Алматыда адам құқығын қорғау бюросында Жанболат Мамай баспасөз-мәслихатын өткізді.Жиынды белгілі құқық қорғаушы Е. Жовтис, «Ж. Мамайды қорғау» комитетінің мүшесі Розлана Таукина жүргізді. Ж. Мамай комитет мүшелерімен ақылдаса келе өзіне шыққан үкімге қатысты апеляциялық шағым бермеуді ұйғарыпты. Оның пікірінше,  шағым түсірудің нәтижесі болмайтындығын  біле тұрып, қалалық сотқа жүгінудің  қажеті жоқ.

Жанболаттың бостандыққа шыққан сәті

Жанболат Мамай осы жылдың ақпан айында қуғындағы оппозициялық саясаткер, экс-банкир М. Әблязовтың жымқырған ақшасын «Трибуна. Саяси қалам» газеті арқылы ізін жасырды деген айыппен қамауға алынған болатын. 7 қыркүйек күні Медеу аудандық №2 сотының судьясы Дәурен Маукеев «қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастыруға қатысты айыпты» деп таныды. ҚК-тің 193-бабының 3-тармағы бойынша Жанболат Мамайдың бас бостандығын үш жылға шектеп, дүние-мүлкін тәркілеуге үкім етті және үш жыл журналистік қызметпен айналысу құқығынан айырып, сот залынан босатқан еді.

 

 

Пікір қосу