«Қазір ресейлік жанармай қымбаттады. Соған  орай бізде де баға өсті. Бұл мезгілдік құбылыс. Зауыттың жұмысы тоқтап қалған соң сұраныс артып тұр. Біздіңше, қазан айының аяғында жағдай тұрақталады. Баға нарыққа орай реттеледі», — дейді Энергетика министрлігінің өкілі Қуаныш Құдайбергенов.

Қуаныш Құдайбергеновтың айтуынша, Қазақстанның ресейлік мұнай өнімдерін алуға мәжбүр. Себебі Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтаған. Атыраудағы зауыт тамыздан бастап 18 қыркүйекке дейін, ал Павлодарлық кәсіпорын 20-шы қыркүйектен 25 қазанға дейін жұмысын жасамайды. Министрліктің хабарлауынша мұнай өнімдерінің бағасын нарық реттейді.

Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттап кетті. Мысалы Орал қаласында орташа есеппен 3 теңгеге көтерілген. Бұрын АИ-92 «ҚазМұнайГаз»-да 140 болса, қазір 144 теңге.

1 пікір

Пікір қосу