Еуразиялық темекіге қарсы коалиция Ресей үкіметінің басшысы Д. Медведевке ұсыныс жасады. Ұйым мүшелері  Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі темекі бағасын қымбаттату керектігін айтады. Олардың пікірінше темекіге салынатын қосымша салықты орта еуропалық деңгейге жеткізу керек. Бұндай жағдайда шылымның бір қорабы 900 теңге тұратын болады.Бұл туралы juldyz.kz сайты «Российская газета» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Коалиция мүшелері шылымнан ауру-сырқау мен өлім-жітім көбейіп жатқанын айтады.  Олардың мәліметінше Еуразиялық аумақта жылына шылымның кесірінен жарты млн.аса адам дүние салады екен. Темекіден адамдардың 22 пайызы рак дертіне шалдықса, 36 пайызының тыныс алу мүшелерін емдеуге тура келген. Шылым шегушілердің санын азайтудың ең тиімді жолы акциз бағасын көтеру дейді коалиция өкілдері. 15 қыркүйек күні Еуразиялық экономикалық кеңесінің комиссиясы Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Армения, Беларусия, Ресейдегі акциздің жаңа мөлшерін қарастырады.

Пікір қосу