Ақын

«Менің түсінігімдегі өлең – менің жан әлемім, қуаныш-қайғым, арманым. Ол – менің дүниеге көзқарасым, сырлас досым. Ол – жазған-жазбағаныма қарамай, жүрегіммен бірге соғып тұратын бір құпия дүние. Мен үшін ең қымбат сый. Маған өлеңнің нотамен жеткізе алмас бір музыкасы бар сияқты. Кейде сол әуенді ыңылдап жүремін де, жаман нәрсенің бәрін ұмытып қалам»

Туған жылы: 15.05.1963 

Туған жері:  Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жамбыл ауылы

Отбасы: 

Әкесі Сейітжан

Анасы Аңсаған

ұлы Әмір

Білімі:  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті

Еңбек жолы: 

  • «Қазақ әдебиеті» газетінде корректор;
  • «Арай» — «Заря» журналында аудармашы;
  • Жазушылар Одағында референт;
  • «Атамұра» баспасында редактор;
  • «Алаш» баспасында бас редактор;
  • «Қазақстан» телерадио корпорациясында «Жан» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі;
  • «Ел» продюсерлік орталығында сценарлық топтың жетекшісі;
  • Қазір «Қазақстан» ұлттық телеарнасында бас редактор.

 «Достық дегенді әркім әрқалай түсінеді ғой. Менің ұғымымдағы достық – бірге жүріп, жиі хабарласып тұру емес, тілектес болу. Түсінісу. Достық жасқа, жынысқа байланысты емес. Мені қадірлейтін, оларсыз өмірімді елестете алмайтын адамдар аз емес. Олар да өзім сияқты, кемшіліксіз емес. Сонда да соларды дос санаймын. Ал олардың мен туралы не ойлайтынын білмеймін, білгім де келмейді»

Марапаттары:

  • Қазақстан Республикасы Жастар одағы сыйлығының (Комсомол сыйлығының) лауреаты;
  • Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
  • Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (2014)

Кітаптары:

  • «Бір жұтым ауа, қызыл күн»;
  • «Жан»;
  • «Түс»;
  • «Аспандағы аңсарым»;
  • «Кешіріңдер келгенімді өмірге»

Әуесі: спортпен айналысу және тігін тігу

Пікір қосу