Ерке Есмахан  –  әнші. Ақтөбе облысының, Ырғыз ауылында дүниеге келген.

Бала Ерке

Әкесі – Әбдіраш – қазақ тілі қоғамдастығының басшысы, анасы – Мақпал. Отбасында бес бала: үлкен ағасы – Ерік, әпкелері – Гүлбағда, Венера және ағасы Бауырдан. Отбасы мүшелері қызметтің әртүрлі саласында (шығармашылық, педагогикалық, т.б.) Әншінің ата-анасы Әбдіраш пен Мақпалдың 18 немересі мен бір шөбересі бар. Оқушы Еркеге ұстаздары да, достары да ерекше назар аударып жүрген. Себебі, ол оқып жүріп-ақ, түрлі шығармашылық конкурстарға қатыса жүріп, орындар алып жүрген. Сыныбында лидер болған екен.

Еңбек жолы

Ерке Есмахан Ақтөбе қаласындағы Алтынсарин атындағы мектепте оқып, бесінші сыныптан кейін  музыкалық мектепке ауысқан. Сонда домбыра, қобыз, фортепианода ойнауды үйренген. Кішкентайынан ән айтып, би билегенді жақсы көретін Еркеге ата-анасы да барынша қолдау көрсеткен. 9-сыныптан кейін (2003 жылы) Ақтөбедегі Жұбанов атындағы музыкалық колледждің студенті атанып, мұнда классикалық опера бөлімінде оиды. Колледжді тәмамдаған соң, арман қуып Алматыға келеді. 2005 жылы Оңтүстік Астанада Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының  эстрадалық вокал бөлімінің студенті атанады. Әнші Толқын Забирова – ұстаздық етеді.  Осында оқып жүрген кезінде үлкен сахнаға шығып, әнші болуды армандап, мақсат қойған. Өнер академиясын аяқтағаннан кейін (яғни 4 жылдан кейін) Баян Мақсатқызының продюсерлік орталығына өтееді де, «Іңкәр» тобының әншісі атанады. Бұл топтың «Қыз сыны», «Қыз жүрегі», «Маралдым», «Ақбақай», т.б. сынды бейнебаяндары жарық көрді.

Шығармашылығы

Еркенің өнердегі  еңбек жолы 2009 жылы басталды. Сол уақыттан бастап Баян Мақсатқызы басқаратын «Shine Stars Production» продюсерлік орталығының жаңа жобасы  «Іңкәр» тобының әншісі атанады. Бірден көпшіліктің сүйіктісіне айналған топта алғашында 4 қыз өнер көрсетсе, кейіннен қыздар тұрмысқа шыға бастауына байланысты,кейіннен Ерке жеке орындаушы ретінде карьерасын жалғастырады.

2012 жылы «Айша бибі» аталатын әнге бейнебаян түсірген. Бұл әншінің жеке орындаушы ретіндегі алғашқы жұмысы.

2013 жылы шыққан «Асыл арман» атты әні «Тракторшының махаббаты» атты отандық телесериалының саундтрегіне айналды.

2015 жылы әнші Төреғали Төреәлімен жазған «Алло» әнінің бейнеабяны жарты жылдың ішінде миллион қаралым жинаған. Бүгінде хитке айналған бұл әннің мәтінін көпшілік жатқа біледі. Бүгінде ютуб желісінде 22 млн қаралым жинаған.

2015 жылы «Бал сезім» бейнебаянын ұсынды.

2016 жылы «Еркемін» бейнебаянын ұсынды.

2016 жылдың қараша айында «Әйел бақыты» әніне жазылған бейнебаянын ұсынды.

2017 жылы «Қайда?» әні мен бейнебаянын ұсынды. Сөзін жазған айтыскер-ақын – Қайнар Алакөзов, ал әнін жазған талантты жас композитор – Диана Исмаилова. 2 айдың ішінде 2,1 миллион қаралым жинаған әнші әріптестері арасында бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты.

Әншінің бұдан бөлек Томирис Ерболатқызымен айтқан  «Қыз арманы» әніне де бейнебаян түсірген. 

Отбасы

 

 

 

Пікір қосу