Қайым Мұхамедханұлы Мұхамедханов

Туған жылы: 5.01.1916

Дүниеден өткен жылы: 30.06.2004

Туған жері: Семей қаласы

Отбасы: Жары: Фархинүр

Балалары: Мүслима, Қазыбек, Роза, Жәнібек, Назым, Бекет, Қанағат, Дина, Дегдар және Қарлығаш.

Қызметі:

  • Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің профессоры
  • КСРО жазу­шылар Одағының мүшесі (1940 ж.). Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің алғашқы құрметті профессоры

molodj-muhamedhanov-kopirovat

Білімі:

1935-1937  пән мұғалімдерін дайындайтын екі жылдық курс

1937-1939 Семей педагогика институтының филология факультеті

Мұхтар Әуезов оған үлкен үш тапсырма берген екен.

  • Абайдың ақындық мектебін зерттеу
  • Абайдың тұңғыш мемлекеттік музейін ашу
  • Абай өлеңдерін түп нұсқасын сақтап, өзгеріске ұшырауына жол бермеу

kayum-i-muhtar-kopirovat 14

1935-1939 жылдарда “Семей облысындағы жас ақындардың шығармашылыгы туралы”, М.Әуезовтың “Шекарада”, Ғ.Мүсіреповтың “Қыз-Жібек”, Ш.Құсайыновтың “Боран”, К.Сагирдың “Ер тарғын” пъесалары бойынша театрдағы қойылымдар жайында, тұңғыш қазақ кинофильмі “Амангелді” туралы, М.Горький, Н.Островский жөнінде әдеби-сын түрінде мақалалары баспасөз бетінде жарияланады.

“Абайдың әдеби мектебі” деген атпен Ақылбай мен Мағауия Абай ұлдары, Әубәкір Ақылбайұлы, Әріп, Әсет жайлы мақалалар сериясын жариялайды, Абайдың бұрын белгісіз болып келген 9 өлеңін тауып, оларға түсінік жазып, ұлы ақынның 1945 жылы шыққан жинағына енгізеді.
1951 жылы “Абайдың әдеби мектебі” деген тақырыпта қорғаған кандидаттық диссертациясы, “Абайдың ақындық айналасы”, “Абай шығармаларының текстологиясы жайында” монографиялары – әдебиеттану ғылымына қосылған маңызды туындылар.
Диссертация қорғалып, 8 ай өткен соң (1951жылы 1 қаңтарда) тұтқындалып, сталиндік қуғын-сүргінге ұшырайды. Жазықсыз жазаға ұшырап, Абайдың ақындық мектебіне “Ұлтшыл ақындарды” енгізгені үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылып, артынан төрт жылдан кейін толық ақталып шығады.
1959 жылы “Мағауия Абайұлы Құнанбаев”, “Абай шығармаларының текстологиясының монографиялық зерттеулері жеке-жеке кітап болып басылып шықты.

1968 ж. С.Анисимовпен бірлесіп, Семейдің 250 жылдығына арнап “Жастық шағымның қаласы” атты деректі фильмнің киносценариін жазды.

1991-1995 ж. ҚР ҰҒА М. О. Әуезов атындағы әдебиет жөне өнер институтының Абайтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері.

Драмалық шығармалары:

  • «Перне», 1944
  • «Майданнан майданға», 1947
  • «Комиссар Ғаббасов», 1960
  • «Ер Білісай», 1974

Аудармалары:

  • Әзірбайжан драматургі У.Гаджибеков «Аршин мал алан», 1941
  • Татар жазушысы Ш.Камал «Хажы әпенді үйленеді», 1967
  • Татар поэзиясының класигі «Сормандай Лиза»

Марапаттары:

  • КСРО халыққа білім беру ісінің үздігі белгісі
  • Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі белгісі
  • Құрмет грамоталары
  • Қазақстан жазушылар Одағының Абай атындағы алғашқы Халықаралық сыйлығы
  • Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығы
  • Халықаралық Абай академиясы сыйлығы
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы
  • Семей, Аягөз қалаларының, Абай, Жаңасемей аудандарының қүрметті азаматы.

tom-2_105-wwww-kopirovat 12

Пікір қосу