Несиені алған кезде тұрақты табысыңыз болды делік, уақытында төлеп жүрдіңіз. Бірақ аяқасты жұмыстан қысқарып қалдыңыз немесе басқа да себеппен несиені төлей алмайтын болдыңыз. Банктен мұндай жағдайда қарызын өтеушілерге жеңілдіктер қарастырылған ба? Бұл туралы baribar.kz сайты жариялады.

Несиені төлей алмасаңыз, не істеу керек?

Ең алдымен,  өзіңіз несие алған банктің бөлімшесіне жеке куәлігіңізбенбарыңыз. Несие мамандарына мән-жайды түсіндіріп, арыз жазыңыз. Ешқашан банктен қашып, тығылудың қажеті жоқ. Себебі әр кешіктірілген күн үшін несиеңіздің пайызы артып, сіз ойлаған сомадан да артық төлеуіңіз ғажап емес.

Кей банкте мұндай жағдайға тап болған адамдарға бірқатар жеңілдік қарастырылған. Мысалы, “Халық Банкінен” алған несиеңізді төлей алмасаңыз, уақытша тоқтатуыңызға болады. Ол үшін нақты себебіңіз бен оны дәлелдейтін анықтамаларыңыз болуы керек. Жұмыстан шығып немесе қысқарып қалғандар, бала күтіміне байланысты демалысқа шыққандар және ауырып, еңбекке жарамсыз болып қалғандар несиені уақытша тоқтата алады.

Несие алған адам өмірден өтсе, қарызы жабыла ма?

Жоқ. Қарыз алған кісі өмірден өтсе, оның несиесі жұбайына немесе балаларына өтеді.  Отбасы болмаса, қарызды өтеу алыс-жақын туыстарына міндеттеледі. Егер сақтандыру қызметін қосқан болса, өмірден өткен жағдайда барлық қарызын сақтандыру компаниясы толық өтеп береді.

Қарыз алушының табысы азайса, жеңілдік жасала ма?

Табысыңыздың азаюына байланысты төлейтін сомаңыздың мөлшерін қысқартып, мерзімін ұзартуға да болады. Ол үшін бұған дейін жасалған келісімшартты бұзып, өзгерту қажет. Мысалы, “Альфа-Банктен” несие алғанда сақтандыру компаниясының қызметі қоса ұсылынады. Егер сіз 100 мың теңге көлемінде несие рәсімдесеңіз, оның 10%-ын сақтандыру компаниясына беріп, қолыңызға 90 мың теңге аласыз. Түрлі себеппен несиені төлей алмай жатсаңыз, сақтандыру компаниясы сіз үшін үш айға дейін несиеңізді төлеп береді. Ол үшін де нақты себеп пен анықтама болуы шарт.

“ЦентрКредит”, Home Credit пен Forte bank-те де қарызды төлей алмаған клиенттерге жеңілдіктер қарастырылған. “ЦентрКредитте” несиені уақытша үш айдан алты айға дейін тоқтатуға болады. Home Credit банкінде сақтандыру компаниясының көмегімен екі айға дейін кешіктіріп төлей аласыз. Бірақ ол үшін несиеге тағы қосымша пайыз қосылады.

Kaspi bank-те несиені төлей алмағандарға жеңілдік жоқ, оны уақытша тоқтата да алмайды. Бұл банктен несие алсаңыз, келісілген мерзім бойынша қарызды өтеп шығуыңыз қажет.

1 пікір

  1. Саламатсыздарма? Казирги уакытта центркредиттен алган несиемди 3ай болды толей алмай отырмын.уйди сатып, толеймин деп ескерттим.бирак азир уй отпей жатыр.Ал банк кызметкерлери уакыт отип жатыр, проблемалык несиемен айналысатындарга тапсырамыз кужаттарынызды дейди.мен несиени толемеймин деп бас тартып отырганым жок.жумысымнын журмеуине байланысты токтап турганымды жане толей алмай отырганымды жазбаша ескерттим.Енди егер толеп болмасаныз озимиз сатамыз, уйнди де, ресторанынды да дейди.канша бережаксыз банкке, сол бережак суммага сатамызда жиберемиз , не аукционга откиз жиберемиз деп айтып отыр.Озим сол толенбеген несиени уайымдап журмин.Барымша арекет етип жатырмын, сол несиени толеуге.Казирги уакытта озим соны ойлап денсаулыгым кетип жургенде, банк кызметкери одан сайын психолоиялык кысым корсетип отыр.Моральдык тургыда создер айтып отыр.

Пікір қосу