Есет ҚАЛИЕВ — Ақтөбе қаласы, Шалқар ауданы, Шалқар ауылының тұрғыны, жеңімпаз.

– Ұтысқа ие болғаныңызды естігенде қандай сезімде болдыңыз?

– Негізі, күтпеген едім. Бірақ жылқы ұтып алғаныма қатты қуандым.

– Жылқы ұтып алғаныңызды қайдан, кімнен естідіңіз?

– «Жұлдыздар отбасы» мен «АҢЫЗ АДАМ» журналына жазылғаныма екі жыл болды. Биылғы ұтыскерлер ойыны 13 наурызда өтетінін біліп жүрдім. Сіздердің Фейсбук парақшаларыңызға тіркелгенмін, әрдайым қарап отырамын. Сол күні ашып қарасам, ұтыскерлер тізімі сайтқа тіркелгендігін хабарлап жазыпты. Ұтысқа ие болғанымды сол жерден білдім.

– Ұтысыңызды қайда жарату ойыңызда бар?

– Қалай жұмсайтынымды әлі ойлап үлгермедім. Мүмкін, үйдегі ата-анама беретін шығармын.

– Өзіңіз қандай қызмет істейсіз?

– Жоғары оқу орнын бітіргеніме екі жыл болды. Су ресурстарында коммуналдық қызметте жұмыс істеймін.

– Белсенді оқырман екенсіз. Қос журналға деген жылы лебізіңіз қандай?

– «Жұлдыздар отбасы» журналы тек әнші-әртістерді ғана емес, саясаткерлермен де сұхбат жүргізеді. Өмір сүруге керекті дүниелер осы журналдың ішінен табылады. «АҢЫЗ АДАМ» журналына келер болсақ, біртуар ойлы тұлғалардың өмірінен сыр шертеді. Соңғы кезде саяси-қоғамдық мәселеге басты назар аударып жүрсіздер. Журналдың бұрынғы ұстанған бағыты да өзгеріп келеді.

– Түбіртекті жіберер кезде қандай тілек тіледіңіз?

– Әрине, Алладан «ұтып кетсем, шіркін!» деп тілегенім рас. Бірақ бес мың адамның ішінен ұтысқа ие болу ойы үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Қатты қуаныштымын! Жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер.

Пікір қосу