Түркістан облысы, Абай ауылында жоғары сынып оқушылардың зорлық-зомбылығына ұшыраған 7 жасар баланың ісіне байланысы сот ісі басталды. Бұл туралы Stan.kz- сілтеме жасап, juldyz.kz сайты хабарлайды. Бұл іс бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуроры жеті жасар баланың зорланғанын растаған еді.

Іс бойынша сот отырысы жабық режимде өтеді. Сот отырысындағы мәселені алдын-ала сайланған қазылар алқасы қарайды. Жәбірленуші, айыпталушылардың, сот отырысына қатысушылардың да есімдері жасырын қалатын болады. Сот залына журналистердің де кіруіне рұқсат етілмейді.

Бұл іске қатысты қаралатын сот отырысына төрайым болып судья Самидин Темірәлиев тағайындалды.

«Айыпталушыға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бабына сәйкес айып тағылды. Сотталушының өтiнiшi бойынша сот алқабилердiң қатысуымен өткiзiледi»,-дейді судья Самидин Темірәлиев.

 

Пікір қосу