Қанат Исламұлы (13 қыркүйек 1984 жыл, Шыңжаң, Қытай) — қазақ кәсіпқой боксшысы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Үрімші қаласындағы Педагогикалық университетті 2009 жылы спортты басқару және зерттеу мамандығы бойынша аяқтаған. Орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі. Әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы.

2010 жылы азаматтығын ауыстырып, атамекені Қазақстанға қоныс аударып, «Астана Арландары» кәсіби клубында 2012 жылға дейін өнер көрсеткен. Қазір кәсіпқой боксшы, Нельсон промоутерлік клуб атынан шығып, 15 жекпе-жек өткізген.  Лақап аты — Қазақ.

Қанаттың атамекенге оралуына Қазақстан құрама командасының бұрынғы Бас бапкері Тұрсынғали Еділов және Алматы облысының әуесқой бокс федерациясының президенті Бауыржан Оспанов себепші болған.

980c840c554458e9133d100ba5c338d5Қанат 2012 жылы Арландар сапынан кетіп қыркүйекте АҚШ-тың «Nelsons» атты промоутерлік компаниямен екі жылға келісім-шартқа отырған. 15 жекпе-жекте түгелдей аяқтап жеңіске жетті: Қазақ боксшысы осыған дейін Доминикан Республикасының бес боксшысымен кездесіп, барлығын нокаутпен жеңген. (Даниэдь Веатон, Анеиди Матрес, Модесто Феликс, Нелсидо Мигуэль, Хосе Антонио Родригес, Сегунда Херрера, Реиналдо Эскуивиа  Колумбия, Хумберто Толедо  Эквадор,  Алексис Мартинес).

Пікір қосу