Астана қаласында көпбалалы аналар бас қосып, президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа хат жолдап, билікке 10 талап қойды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Талаптардың ішінде көпбалалы отбасыларға баспана беру, көпбалалы аналарға деген жәрдемақыны көбейту, балаларға тегін тамақ беру мәселесі де бар. Жиналған қауымның сөзінше, бұл жиынға осыдан бірнеше күн бұрын өрттен қаза тапқан 5 бүлдіршіннің жағдайы әсер еткен. Олардың тағы бір талабы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың отставкаға кетуі.

— «Біз нақты жауап алмағанша, үйлері жоқ аналарға баспана бермегенше, жәрдемақыны көтермегенше осылай шеру жалғастыра береміз. Ел әбден тойды.»,-деп кесіп айтты көпбалалы ана Әйгерім Құдайбергенова

Билік өкілдері 15 ақпан күні аналардың талаптарына жауап беретін болды.

Пікір қосу