Бұрынғы сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша президент болып тағайындалды.  Ал Тоқаевтың орнына сенат төрайымы болып Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева  тағайындалды.

Дариға Назарбаеваның кандидатурасына сенаттағы 44 депутаттың барлығы қолдау көрсеткен.

Назарбаева бұған дейін мәжіліс төрайымы, премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. 2016 жылы қыркүйекте сенат депутаты болып сайланған.

Пікір қосу