WhatsApp қосымшасына енді пайдаланушыларды түрі, саусақ іздері арқылы танитын жаңа жүйе қосылады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі бөлісті.

Өзгерістер iOS жүйесімен жұмыс істейтін гаджеттерге енгізіледі. Iphone иелері қосымшаны Touch, ID немесе Face ID қызметтері арқылы қоса алады.

WhatsApp қосымшасының жаңа мүмкіндігі осыған дейін шыққан тесттік альфа-нұсқадада бар. Бірақ оны қазіргі уақытта барлық пайдаланушылардың құрылғыларына орнатуға болмайды. Осы жаңа жүйе арқылы адамдар хабарламаларын қосымша түрде тағы да қорғай алады. Әзірге жүйенің қашан іске қосылатыны белгісіз.

Пікір қосу