ҚазАқпараттың хабарлауынша, Өзбекстан мен Тәжікстан елінің президенттері стратегиялық серіктестік шартына қол қойды.

Тамыздың 17-і Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Өзбекстанға ресми сапармен келіп, келіссөзге келеді. Келіссөз барысында екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Стратегиялық серіктестік шартынан бөлек, екі ел басшылары монопрлияға қарсы саясат, азық-түлік қауіпсіздігі, білім, жастар саясаты, геология саласында зерттеу жүргізу, мәдениет және өнер секілді басқа да салалар бойынша 26 құжатқа қол қойылды.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзекеев те екі ел арасындағы қарым-қатынасты ары қарай да берік етуге бар мүмкіндігін жұмсайтындығын айтты.

 

Пікір қосу