1 қыркүйектен бастап барлық Алматы қаласының мектептерінде бірыңғай ас мәзірі енгізіледі, деп жазды Today.kz

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымованың айтуыншша, бірыңғай ас мәзірін Қазақ тамақтану академиясы мен дұрыс тамақтану Ұлттық орталығы бірге дайындаған.

«Мәзірге түрлі азық-түлік кіреді. Әр кезеңге орай жеміс-жидек бар. Дәмдеуіштер қолданыстан алынды, тек аскөк пен ақжелкен беруге рұқсат етілді. Аптасына екі рет, дүйсенбі мен жұмада біз мәзірге бал мен сүт қосуға кеңес береміз. Аптасына үш рет, дүйсенбі, сәрсенбі және жұмада мәзірге сүзбе қосылуы тиіс. Сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбіде салаттар болғаны жөн», – деді ол.

Аптаның  бейсенбі күні оқушылар балық пен котлет жейді. Күн сайын екінші тамаққа бұталған сиыр не тауық еті, болмаса ет фаршы беріледі.

Денсаулық сақтау департаментінің айтуынша, мәзір дайындау барысында оқушылардың жас мөлшерлері де ескерілген. Мәселен, 7-ден 10 жас аралығына күніне -840 ккал; 11-14 жас аралығындағы балаларға-951 ккал; 15-18 жас аралығы-1020 ккал. Алайда, азық-түлік өзгермегендіктен, астың бағасы өзгермейді.

«Мәзірді дайындағанда мектепте болу уақыты мен жас мөлшері есепке алынды. Үш жас мөлшері қарастырылды: 7-ден 10 жасқа дейін (оларға күніне 840 ккал керек), 11-14 жасқа дейін (951 ккал), 15-18 жас (1020 ккал). Түскі астың бағасы өзгермейді.

Ал тағамның сапасы асхана жұмыс істейтін фирма, мектеп директоры жауап береді. Ал, берілген астан оқушы бас тартқан жағдайда дереу ата-ана баламен жұмыс істеуі қаже

 

Пікір қосу