Түнде «Семей-Новосібірск» тас жолымен келе жатқан автобус отқа оранған. Алайда, қазақстандық азамат Ержан Аманхановтың арқасында автобус ішіндегі 48 жолаушы аман қалған. Бұл туралы Stan.kz бөлісті.

АВтобус бірнеше минуттың ішінде өртке оранған. Өрттің басталғанын сезген Ержан ояна сала, ұйықтап жатқан жолушыларды оятуға кіріскен. Ол автобусты тоқтатып, жолаушыларды сыртқа алып шыққан.

«Мен өзім осылай жасадым деп кеудемді соғып мақтанбаймын. Ең бастысы, бәріміз аман-есенбіз. Менің құжаттарым, көші-қон карточкасы, жеке куәлігім, және көлік аламын деп алып шыққан 270 мың ақшамның бәрі жанып кетті»,-дейді  Ержан.

Дегенмен, жергілікті көші-қон департаментіндегілер құжаттарды жылдам рәсімдеуге көмектескен. Олар Аманханов Омбыдағы елшілікке барып, төлқұжатын қайта жасату үшін оған куәлік берді.

Автобусты иеленуші компания Ержан Амархановқа 50 мың рубль, шамамен 269 000 теңге өтемақы төлеген. Сонымен қатар, бес күннің ішінде тағы 100 мың рубль төлеуге уәде еткен.

 

Пікір қосу