Оксана Драчева есімді бойжеткен Алматы қаласында «Qazaqsha so’ileik» атты клуб ашқан. Ол клубта қазақ тілін тегін үйретеді.
Оның айтуынша, көптеген қазақстандықтардың сұрауына байланысты клубты ашқан.
«Менің адамдарға көмектескім келді. «Қазақша сөйлейік» атты клубқа кез-келген адам тегін қатыса алады. Үйірме аптасына екі сағат өтеді. Курста тіл структурасын үйренуге және сөздік қорын көбейтуге көмектесемін»,- дейді Оксана.
Оксананың жасы 21-де. Оксананың айтуынша, оның қазақ тілін меңгеруіне белгілі бір жағдайлар әсер еткен.
«Мен бірінші сыныпқа барғанымда, орыс тілде оқытатын бөлім жабылып қалды. Сол себепті, анам тәуекелге бел буып, мені қазақ сыныбына берді»,-дейді Оксана.
Қазіргі таңда бойжеткен аудармашы-синхронист мамандығы бойынша 4-курс студенті. Сонымен қатар, арналарымыздағы «Менің Қазақстаным» бағдарламасының тележүргізушісі.