Бірнеше күн бұрын әнші Абай Бегей екінші рет үйленген еді. Халық әншіні құттықтап жылы лебіздерін білдіріп жатса да, арасында негативті пікір білдіргендер де жоқ емес. Бірі әнші жас қызға үйленгенін ерсі көрсе, бірі  марқұм әйелінен айырылғанына көп уақыт ұзамағандығын алға тартып, «ұятты іс» деп бағалады.

Абай Бегейді өнердегі жолдастары қолдап жатқанымен, әншінің өзі айтпасқа болмады. Сол себепті, Абай Бегей өзінің әлеуметтік парақшасында халыққа мән-жайды түсіндірді.

Ассалаумағалейкум ағайын!
Мен жайында, менің отбасым жайында біраз әңгімелер болып жатыр екен. Жақсы тілек білдірушілерге АЛЛА разы болсын.Ал, теріс пікір жазып ушықтырушыларға мән-жайды ашып айтқым келді.
Үш жыл бұрын Анам, туған ағам, жан жарым дүниеден өтіп, біраз уақыт есеңгіреп қалған едім. Киналдым, қайғырдым, қажыдым😓»Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан»деушілер көп болса да, үйленуден бас тартып жүрдім. Себебі, қыздарым мен ұлымның жүрегіне ауыр жара салудан қорықтым. Ешкімде ананың орнына ана бола алмасын түсіндім.

Бірақ, АЛЛА БІЗГЕ ТАҒДЫРДЫ ЖАЗҒАНДА ЖҰП-ЖҰБЫМЫЗБЕН ЖАРАТТЫ. Мен қанша үйленуден бас тартсам да өмірде отбасының ұйытқысы мен берекесі болар бір қисық қабырғаның қажеттігін түсіндім.

Тұңғышым құтты орнына қонды, ұзатылды шүкір. Ұлыма ананың махаббатын бере алмасам да, әкелік жол көрсетіп,жақсы азамат боларына үлес қоса алармын. Ал, кішкентай қос қарлығашыма дұрыс бағыт-бағдар, тәрбие беру үшін ананың орнын баса алмаса да, құрбыдай сырлас әйел керек. Өйткені, 10 жастан бастап әкесіне айта алмайтын қыздардың құпиясы -сырлары басталатыны анық қой. Өтпелі және жасөспірім шағында жанында табылып, сырласатын, қолдайтын иманды жар іздедім.

Менің марқұм Әкем мен Анамның жас аралығы 16 жас. Өмірге екі қыз, алты ұл дүниеге келген мен кенжесімін. Мен әдейі жас қызға үйленейін деп іздемедім, осылай болды 16 жас.

Жас қызға үйленді деп сөгу де орынсыз. Себебі, кімнің кімге жұп болатынын біз анамыздың ішінде жатқан кезде-ақ АЛЛА ТАҒДЫРЫМЫЗҒА ЖАЗЫП ҚОЙҒАН. Екі адамды кездестіретін де, тоғыстыратын да, ажырастыратын да-АЛЛА.Related image

Тойды бай, танымал немесе ақшамыз асып-тасығаннан емес, шариғат бойынша ЖАРИЯЛАУ мақсатында жасадық. Өмірдегі, өнердегі тек жақындарымды жинадым.
Сөз соңында айтарым, мен бір әйелдің үстіне бір әйел алып немесе бірінші отбасымды тастап кетіп, екінші рет үйленіп отырған жоқпын. Бұл -ТАҒДЫР. Менің қайғымды ешкімге де тілемеймін. Марқұм балаларымның анасы Жанатыма деген құрметім де,махаббатым да ерекше. Тек Құран бағыштаудан басқа амалым жоқ. АЛЛА ЖАТҚАН ЖЕРІН ЖАРЫҚ ҚЫЛСЫН.
тірі адам тіршілігін жасайды. Бес күндік жалғанда бір бірімізге жақсылық ойлап, тілекші болайық. Қалай жассаңыздар да, мен сіздерді жақсы көремін!!!

 

Пікір қосу