Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы астаналық оқушылар арасында ең ақылды болып шықты.

«13 сәуірде «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалы жастар арасында IQ START зияткерлік тестін өткізген. Тестілеуге Астананың 84 мектебінен 400-ден аса оқушы қатысты. Олардың ішінде 7 адам үздік нәтиже көрсетті. Олардың қатарында танымал продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов пен әнші Қарақат Әбілдинаның ұлы Бекболат Болманов бар», – деп хабарлады «Жас Отан» баспасөз қызметі.

Айта кетсек, тестілеуге елордалық мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Пікір қосу