Белгілі продюсер Алуа Қонарова жетекшілік ететін “Ринго” тобының мүшесі Батыр Байназаров пен “Аюми” тобында өнер көрсеткен Әсел Жамақаева отау құрды. Бұған дейін екі әншінің үйленетіні туралы ақпарат көптің қызығушылығын арттырған болатын. Алайда бұл ақпарат жайлы екі әнші де, продюсері де журналистердің сұрағына жауап беруге бас тартқан болатын.

Күні кеше продюсер Алуа Қонарова өз инстаграмм желісіне: “Я двойная құдағи” деп, ең алғаш болып халыққа қуанышты хабарды жеткізді. Семей қаласындағы аты шулы тойға “Ринго” және “Аюми” тобының өзге де мүшелері, Әли Оқапов, Мақпал Исабекова, Диас Абылаев т.б. сынды жарық жұлдыздар бой көрсетті.

Пікір қосу