Қазақстандық дзюдошы қыздар Бакуде түркі тілдес халықтар студенттері арасында универсиада ойындарында 7 бірдей медальді жеңіп алды. 

Қыздарымыз 4 алтын, 2 күміс, 1 қола жұлдесін қанжығасына байлады.

Жарыста 52 келі салмақ дәрежесінде Диана Аипова, 63 келі салмақ дәрежесінде Айгерім Жұмаділла, 70 келі салмақ дәрежесінде Ділбар Өміралиева және 78 келі салмақ дәрежесінде Нұрғаным Тұршабек өнер көрсетіп, алтын жүлдеге ие болды.

Ал Динара Абильдаева (57 кг) мен Абиба Абужақынова (48 кг) күміс жүлдені, Азиза Марова (-78 кг) қола жүлдені еншіледі.

Пікір қосу