Димаш Құдайбергенова «Славян базары» байқауында әділқазылар құрамында болмақ. Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында жазды.
«Бұл байқау менің өмірімде өте маңызды рөл атқарды. Халықаралық бірнеше байқауда топ жарып, әртүрлі концерттерге, Қазақстан мен шетелдегі бірқатар ТВ жобаларға қатысқаннан кейін, «Славян базарында» жеңіс тұғырына көтерілдім. Дәл сол Беларусьте өзімді танымал әнші ретінде сезінген едім. Мен осы байқауды үлкен сахнаға жол ашып, өз елімнің мәдениетін паш етуге мүмкіндік бергені үшін қатты жақсы көремін. Осы жылы мен «Славян базарына» мейман әрі қазылар алқасының мүшесі ретінде барамын. Барлық dears-ты менімен бірге сол байқауға барып қайтуға шақырамын. Көріскенше, Беларусь! See you in July. See you dears in Belarus», – деп жазды Инстаграмдағы парақшасында әнші.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Димаш Құдайберген Витебскіде өткен «Славян базары» халықаралық ән байқауында бас жүлдені иеленген еді.